Сингапурдан Сеулге бара жатқан ұшақтың қозғалтқышы істен шыққан

Оңтүстіккорялық Asiana Airlines әуекомпаниясының ұшағының қозғалтқышы ұшу кезінде істен шықты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Aviaincident Telegram-каналына сілтеме жасап.

Оқиға 16 қарашада болған. Дереккөз мәліметінше, борт Сингапурдан Сеулге ұшқан.

"Asiana. B772. Қозғалтқыш істен шықты. Әуеайлақтан ұшып шыққаннан кейін әуекемесінің экипажы қозғалтқыштың істен шыққанын баяндады", - делінген хабарламада.

Осыдан кейін ұшқыштар кері бұрылу шешімін қабылдаған. Осылайша борт бір қозғалтқышпен Сингапурдың әуежайына қонған. Қуанышқа орай ешкім зардап шекпеген.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!