Шытырман оқиғалы туризмге сұраныс төрт есе артады - болжам

Шытырман оқиғалы туризм қарқынды дамып келеді және 2032 жылға қарай оған сұраныс төрт есе артады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Вreaking Travel News сайтына сілтеме жасап.

Future Market Insights мәліметінше, шытырман оқиғалы туризм сүңгу, рафтинг, трекинг, велосипед және спелеологиядан бастап, табиғатқа шығуға байланысты барлық нәрсені қамтиды.

Көрнекі сурет @Pixabay 

Есепке сәйкес, шытырман оқиғалы туризм адамдардың жаңа жерлерді зерттеуге деген ұмтылысының, сондай-ақ ел ішінде де, шетелде де рейстердің қолжетімді болуының арқасында қарқын алып келеді.

Шытырман оқиғалы туризм нарығын дамытудың тағы бір маңызды факторы шынайы және жеке саяхаттарға сұраныстың артуы деп санауға болады.


Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!