Швейцария туристерге кіру ережелерін жеңілдетуді жоспарлап отыр

Фото: pixabay.com

Швейцарияда туристерге кіру ережелерін жеңілдету жоспарланып отыр. Елдің Федералды кеңесі үкіметке коронавирусқа қарсы вакциналаудан өткен немесе онымен ауырған туристер үшін карантин міндеттемелерін алып тастауды ұсынды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourprom басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Швейцарияда туристерге кіру ережелерін жеңілдету жоспарланып отыр. Елдің Федералды кеңесі үкіметке коронавирусқа қарсы вакциналаудан өткен немесе онымен ауырған туристер үшін карантин міндеттемелерін алып тастауды ұсынды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourprom басылымына сілтеме жасап.

Мұндай шара шектеулерді жоюдың төртінші кезеңін аяқтау аясында алты айға енгізілуі мүмкін.

Бірақ ЕО-ның көптеген елі сияқты, Швейцария Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігі (EMA) рұқсат еткен вакциналарды ғана мойындады. Олардың арасында Қазақстанның "QazVac", ресейлік "Спутник V" препараттары жоқ. Бұл біздің саяхатшыларымыз Швейцарияға келгенде міндетті карантиннен босатылмайды дегенді білдіреді.

Реклама
Реклама

Еркін кіру туралы ереже ауыр эпидемиологиялық жағдайы бар елдерден келген қонақтарға, тіпті коронавирусқа қарсы екпе салдырған болса да, қолданылмайды.

Мамырда жоспарланғаннан көп шектеулер алынып тасталғандықтан, Швейцария енді жазғы демалыстың басталуына дейін қайта ашудың тағы бір кезеңін өткізуге ниетті.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная