Швецияда "Түрме тәжірибесінен" өту. Лонгхольмен аралы туристерді несімен қызықтырады?

Шведтік Стокгольмнің қақ ортасында, ел астанасын екіге бөліп тұрған каналдардың ортасында Лонгхольмен аралы орналасқан. Кезінде бұл тас төселген елсіз жер болған. Сосын бұл жерде түрме пайда болды. Қазір бұл жер ерекше қонақүйге айналды. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге осы ерекше қонақүйдің тарихымен бөліседі.

Langholmen - швед тілінен аударғанда "ұзын арал". Бұл жерде біздің заманымыздың X ғасырынан бастап елді мекендер пайда болған. Арал тарихи құжаттарда 1435 жылы алғаш рет аталған. Кристина патшайым оны 1647 жылы қалаға сыйлағанға дейін арал патшалыққа тиесілі болды. 1622 жылы мұнда 1857 жылға дейін жұмыс істеген кеден бекеті орналасқан. Жергілікті кедендік теңізшілер баж төлеу үшін кеден бекеттеріне баруды "ұмытып" кеткен саудагерлерді ұстауға мәжбүр болды.

Лонгхольмен аралында колониялар XVIII ғасырдың басында пайда болды. 1724 жылдан бастап бұл жерде жіп иіру және бояу фабрикасында жұмыс істейтін әйелдер жазасын өтеді. 1825 жылдан бастап колония ерлер тұтын орнына айналды. Өлім жазалары осы жерде орындалды. 1910 жылы 23 қарашада адам өлтіруші Альфред Андер өлім жазасына кесілді. Ол швед тарихында гильотинмен өлтірілген жалғыз адам болды. Түрме 1975 жылға дейін жұмысын жалғастырды. 14 жылдан кейін, 1989 жылы мұнда мұражайы бар ерекше қонақүй ашылды. Негізі, қайта құру кезінде түрме ғимараттарының бір бөлігі тозығы жеткендігіне байланысты бұзылуы керек еді.


Сурет langholmen.com сайтынан

Лонгхольменде түрменің атмосферасы қалай сақталды

Түрменің пайда болуынан көп нәрсе өзгертілді, бірақ дизайнерлер қонақүй меймандары өздерін түрмедегідей сезінуі үшін жалпы интерьерді сақтауға тырысты. Қонақүйдің бір жағы түрме стилінде безендірілген. Мысалы, әдеттегі үш төсектік бөлме мынадай: кереуеттің екінші қабаты жоғарыдан төмен түседі, ал астыңғы бөлігі төменде орналасқан. Кереуеттің басында қылмыскерлер туралы мәліметтер ілінген.

Сурет langholmen.com сайтынан

Түрмеден айырмашылығы, әр камерада жуынатын бөлме бар. Бөлмелерде үлкен экранды теледидарлар мен ыңғайлы кереуеттер бар. Алайда бұқаралық ақпарат құралдарында Скандинавия түрмелері тұтқындарды ұстаудың жақсы шарттары үшін ерекше аталады. Бірақ Лонгхольменде ешкім сіздің қозғалысыңызды шектемейді, сіз әрқашан бөлмеңізден шыға аласыз. Мәзір әр түрлі және ең талғампаз жандарға да жағады.


Сурет langholmen.com сайтынан

Бұл қонақүйдің табыстылығы өткеніне де байланысты. Осы уақытқа дейін көптеген адамдар әлемнің түкпір-түкпірінен жүздеген туристерді тартатын бұрынғы қылмескерлер аумағында болатын түнгі тыныштықты бұзатын тылсым оқиғаларға сенеді. Түнде мұражай қызметкерлері айтатын, тұтқындар туралы қорқынышты әңгімелер әсерін одан әрі күшейтеді. Түрме киімін киіп, сіз айдың жарығында зынданның қараңғы дәліздерімен серуендей аласыз.


Сурет langholmen.com сайтынан

Дегенмен, туристер қонақүйдің өткен кезеңі оның аурасына әсер етуі мүмкін деп алаңдамауы керек. Түрме қала шекарасында орналасқандықтан, мұнда ауыр қылмыскерлер ұсталмады. Негізгі контингент ұрылардан, тыңшылардан, алаяқтардан, сондай-ақ саяси тұтқындардан, оның ішінде анти-милитаристерден тұрды. Бірақ мұндай қылмыскерлер қазіргі әлемде де жеткілікті.

Қызық деректер

Лонгхольмен аралы бастапқыда бай табиғатымен мақтана алмады. Алайда, XIX ғасырдағы тұтқындардың еңбегі арқылы мұнда құнарлы топырақ әкелінді және 3000 ағаш отырғызылды. Осылай Лонгхольмен жасыл оазиске айналды. Жұмыс ХХ ғасырда да жалғасты, аралдың шығыс бөлігінде қалалық әкімдік саябақ жасады.

1993 жылы аралға Стокгольмдегі су фестивалі кезінде JAS 39 жойғыш ұшағы құлады. Ұшқышты құтқарып үлгерді. Көрермендердің көптігіне қарамастан, апат кезінде бір адам ғана жарақат алды. 1994 жылы жерге құлап түскен ұшаққа апат орнында болаттан мүсін тұрғызылды.

2002 жылы аралда үнемі футбол ойнайтын шетелдік мамандар тобы Лонгхольмен футбол клубын құрды. Ойыншыларының көпшілігі Ұлыбританиядан. Клубтың формасы - аралдың тарихын атап өтуге арналған ақ-қара жолақтары бар футболкалар. Клуб бастапқыда 8-ші Стокгольм дивизиясында ойнады. Содан кейін ол Швецияның Ұлттық футбол лигасына көтеріле алды.

Лонгхольменде қонақтарды қалай қарсы алады

Мұндағы уақыт өткізу басқа қонақүйлерден ерекшеленеді. Қонақүйге мейман келген бойда лифтте оның бойы өлшеніп, жеке істер үшін фотосуретке түсіріледі. Барлығы түрмедегідей! Қонақүй де ерекше, өйткені сізден тазалауды талап етеді: қоқысты тастап, еденді сүртіңіз. Сонымен қатар өздерінің жеке журналдарын шығарады. Қабылдау бөлмесінде кәдесыйлар сатып алуға болады.

Қонақүйде тұтқынның ауыр тағдыры туралы әңгімелейтін Лонгхольмен түрмесінің мұражайы бар. Мұражайға кіру қонақүй меймандары үшін тегін. Демалыс күндері экскурсия ұйымдастырылады.

Қонақүйге қалай жетуге болады

Қонақүйдің бір кемшілігі - оның қала орталығынан қашықтығы, өйткені жақын маңда қоғамдық көлік аялдамасы жоқ. Ең оңай жолы - Хорнстул метростанциясынан 15 минут жаяу жүру. Сайт арқылы такси шақыртып, тіпті алдын-ала тапсырыс беруге болады. Алайда сіз өз көлігіңізбен келген болсаңыз, қонақүйді ыңғайлы тұрағы үшін. Оған қалай жетуге болатыны туралы толық ақпаратты мына жерден таба аласыз. Қонақүйдегі нөмірлердің бағасы бір бөлмеге 800 шведтік кроннан басталады (шамамен 40 мың теңге).


© Shutterstock

Лонгхольменнің артықшылықтары - үлкен саябақ, жағажай, шведтік көне сәулет өнері, Стокгольмде велосипедпен немесе байдаркада серуендеу мүмкіндігі. Вестербрунн көпірі Лонгхольмен аралын кесіп өтеді. Жаңа жыл қарсаңында Вестербрунн отшашуды тамашалайтын ең жақсы орындардың бірі болып саналады. Таңқаларлық емес! Биіктігі 26 метр! Вестербрунн Кунгшольмен корольдік аралының керемет көрінісін және Швеция астанасының символы - Стокгольм әкімдігінің ғимаратын ұсынады. Жыл сайын, 10 желтоқсанда Ратушаның көк залында Нобель сыйлығын тапсырғаннан кейін банкет өтеді.

Стокгольмнің әйгілі көрнекті жерлеріне жақындығы, сондай-ақ сән-салтанат пен аскетизмнің қосындысы оған ерекше әдемілік береді. Міне, осындай криминалды өткен шағы бар элиталық қонақүй.

Саяхатшының назарына!

Лонгхольмен әлемдегі жалғыз түрме-қонақүйі емес. Мысалы, Англияда Malmaison Oxford Castle әдемі қонақүйі бар. Бұл 1870 жылы салынған Оксфордтағы Ұлы Мәртебелінің бұрынғы түрмесінің орнына салынған. 95 бөлмені британдық үздік дизайнерлер безендірген. Ал аустралиялық Pentridge-де ешнәрсені өзгертпеген. Адамдарды кәдімгі камераларға орналастырады. Бағасы да арзан. Four Seasons әйгілі түрік қонақүйі де бір кездері саяси және әскери түрме болған.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.