Швеция коронавирусқа қарсы вацинаның 8,5 миллион дозасын жойды

© pixabay.com

Швеция билігі коронавирусқа қарсы вацинаның 8,5 миллион дозасын жойды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Economic Times басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Швеция билігі коронавирусқа қарсы вацинаның 8,5 миллион дозасын жойды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Economic Times басылымына сілтеме жасап.

Олар тұрғындардың ревакцинациясына қолданылуы керек болған, алайда елде препаратты салдыруды қалайтындар қажет мөлшерде болмаған.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Швеция Еуропада соңына дейін карантиннен бас тартқан және тұрғындарды міндетті вакциналауға қарсы болған жалғыз ел.

Travel Media мәліметінше, 2 ақпаннан бастап Германияда алысқа жүретін автобустар мен пойыздарда бетперде тағу міндеттелмейтін болды. Алайда қалалық қоғамдық көліктерде, әуежайда, емханалар мен ауруханада бетперде тағу сақталады.

2022 жылдың ортасында Еуропа елдері бетперде тағуды жеңілдетіп, елге кіру шектеулерін алып тастады. Енді саяхатшыларға вакцина салдырғанын растайтын құжат немесе ПТР тест тапсырғанын көрсету талап етілмейді. Карантин де алынып тасталды.

Саяхат бойынша еуропалық комиссия тоқсан сайынғы есепті жариялады, онда COVID-19 пандемиясының туриндустрияға, экономикалық және геосаяси факторларға әсері туралы айтылған. Мамандардың айтуынша, Еуропа елдеріне туристер ағыны ковид дәуіріне дейінгі көрсеткішке тек 2025 жылы жетеді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная