Шіркеу қызметкері киімін киген ер адам туристің телефон ұрлап кеткен

Шіркеу қызметкері болып киінген алаяқ кафеде туристің телефонын ұрлаған сәтінде видеоға түсіп қалған. Бейнебақылау камерасы түсірген видеоны және оқиғаның мән-жайын Daily Mail басылымы жариялады. 

Оқиға Мексиканың курортты қаласы Плайя-дель-Кармендегі мейрамханалардың бірінде болған. Видеода Інжіл ұстаған егде жастағы ер адам тамақ ішіп отырған анасы мен балаға жақындайды. Алаяқ олармен сөйлесіп тұрады да кітапты әйелдің телефонының үстіне қояды. Осыдан кейін сәл үзілістен соң ер адам діни кітаптың астына смартфонды қысып бірге алады. 

Телефоны жоғалғанын байқаған әйел сөмкесінен іздей бастайды. Зардап шеккен әйелдің баласы мейрамхана менеджеріне айтады. Ол шіркеу қызметкерінің жеке заттарын тексерген. Осы уақыт арасында қаской ұрлаған затты ғимарат кіреберісінде тұрған сыбайласына беріп үлгенген. 

Мексиканың Кинтана-Роо штатында бірнеше мейрамхананың келушілері осындай жағдайға тап болғандарын айтқан.