Шри-Ланкада турист қыздар зорлаған

© shutterstock

Шри-Ланка полициясы елдің шекарасы шетелдіктер үшін ашылғаннан кейін екі неміс турист қыздардың зорлануына байланысты тергеу жүргізіп жатыр. Күдікті ретінде гид қызметін көрсететін ер адамға іздеу жарияланған. Бұл туралы Шри-Ланканың БАҚ өкілдері жазды. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шри-Ланка полициясы елдің шекарасы шетелдіктер үшін ашылғаннан кейін екі неміс турист қыздардың зорлануына байланысты тергеу жүргізіп жатыр. Күдікті ретінде гид қызметін көрсететін ер адамға іздеу жарияланған. Бұл туралы Шри-Ланканың БАҚ өкілдері жазды. 

Бірінші жағдай 4 ақпанда елдің оңтүстігіндегі курортты қала Тангалланың Хамбантота ауданында турист зорлық-зомбылық құрбаны болған. "Оқиғадан кейін ер адам оқиға орнынан қашып кеткен. Турист қыз қатты қорқып қалған және ауруханаға жеткізілген. Алайда аурухананың өзінде ол өзін қауіпсіз сезіне алмаған", - дейді полицейлер. 

Құқық қорғау органдары қызметкерлері күдіктінің тіркелген гид болмауы мүмкін екенін айтады, өйткені кейбір жергілікті басылымдар ер адамның үш дөңгелекті көлік құралының жүргізушісі екенін жазған. Алайда оның Элла қалашығының тұрғыны екені белгілі. 

Реклама
Реклама

Екінші жағдайда Германиядан келген туристке өзінің ескі танысы шабуыл жасаған. Полиция өкілінің айтуынша, ер адам қамауға алынған, бірақ кейінірек кепілақымен босатылған. Зорлық-зомбылық құрбаны болған әйелдің Шри-Ланкада туыстары бары белгілі болды. 

Сауалнама нәтижесінде, жалпы зорлықшылардың тек 10 пайызы таныс емес адам болып шығады екен. Көбінесе зорлықшылар өз танысына шабуыл жасайды. 

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная