Шри-Ланка "Спутник V" екпесін алған туристерге кіру шарттарын жеңілдетеді

Шри-Ланкада екпе алған туристер үшін жағдай жеңілдейді. Арал билігі келгеннен кейін ПТР тестін тапсыртудан бас тартуға дайын екендерін растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Profi Travel порталының мәліметінше, өзгерістер 1 қазаннан бастап күшіне енеді. Жаңартылған ережелерге сәйкес, екпе алған туристерге ұшуға 72 сағаттан кешіктірмей ПТР тестін тапсырса, жеткілікті. Екі жасқа дейінгі балаларға ПТР қажет емес. Сондай-ақ, Шри-Ланка билігі келгеннен кейін ПТР-ның тестін тапсыртудан бас тартты. Бұл өзгерістер туристер үшін тест тапсыруға және қымбат қонақүйде тұру кезінде ақша үнемдеуге мүмкіндік береді.

Шри-Ланка қазақстандықтар ала алатын бір ғана вакцинаны мойындайды. Ол - Sputnik V. Қазір қазақстандықтар Шри-Ланкаға тек Дубай немесе Мәскеу арқылы транзиттік рейстермен бара алады.

Бұған дейін Қазақстан Шри-Ланкамен аптасына үш рет тұрақты рейс ашуды жоспарлап отырғаны айтылды.

Екпе алмаған туристер үшін Шри-Ланкаға кіруде бұрынғы шарттары сақталады. Ұшуға 72 сағат қалғанда ПТР тестінен басқа, олар келгеннен кейін бірден басқа тест тапсыруы керек. Сонымен бірге олар 1-деңгейдегі қонақүйде кемінде 15 күн тұруы, аралдың белгілі бір аумағына ғана баруы тиіс. Экскурсиямен бірге саяхат жасау жергілікті Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен бағыттар бойынша ғана рұқсат етіледі.

Екпе алған адамдар 2-деңгейдегі қонақүйге орналасып, қалаған жерлеріне бара алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!