© Shutterstock © Shutterstock

Шри-Ланка шақырады. Қазақстандықтар "дәмдеуіштер еліне" сәуірге дейін бара алады


6 ақпаннан бастап екі әуекомпания Қазақстаннан Шри-Ланкаға чартерлік рейстерді іске қосады. Енді аптасына 350 қазақстандық дәмдеуіштер еліне бара алады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Echelon Media басылымына сілтеме жасап. 

Aitken Spence Travels туристік компаниясының мәліметінше, "Эйр Астана" 2021 жылдың 6 ақпанынан бастап, әр сенбі сайын 2021 жылдың сәуіріне дейін, ал SCAT - әр бейсенбі сайын 2021 жылдың сәуіріне дейін рейстер орындайды. 

© Shutterstock

"Туризм басқармасы қауіпсіздік хаттамаларының жоғарғы талаптарын енгізді. Алайда, біз осы қиын шарттардың өзінде табысты жұмыс істейміз деген сенімдеміз", - деді Aitken Spence Travels басқарушы директоры Налин Джаясундера. 

Aitken Spence Travels мәліметінше, көптеген қазақстандықтар отбасымен саяхаттайды және төрт не бес жұлдызды қонақүйлерді таңдайды. Орташа есеппен алғанда Қазақстан туристері Шри-Ланкада жеті түн болады және тек 20 пайызы мұнда екі аптаға келеді екен. 


© Shutterstock 

Туроператорлар тікелей рейстерді ашу арқылы елдегі туризм саласына жаңа өмір береді және ТМД-ның басқа да елдеріне шекараларды ашады деген сенімде.  

Айта кетейік, Шри-Ланка 2021 жылдың қаңтарынан бастап туристердің келуіне рұқсат берді. Дәмдеуіштер еліне кіру үшін, келушілер ПТР-тестінің теріс нәтижесін тапсыруы қажет. Сонымен қатар, тек арнайы қонақүйлерде және жағажай курорттарында қоныстануға рұқсат етіледі. Жергілікті халықпен байланыс орнауы мүмкін жерлерге бару тыйым салынған. 


© Shutterstock

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.


Осыған ұқсас мақалалар

Түркия туристер үшін ПТР-анықтама талабын ұзартты - БАҚ Түркия туристер үшін ПТР-анықтама талабын ұзартты - БАҚ
Таиландта мас полицей кездейсоқ адамға екі рет оқ атты Таиландта мас полицей кездейсоқ адамға екі рет оқ атты
"Күлден тұрған тұман". Ең қорқынышты да, сұлу жанартауларға саяхат "Күлден тұрған тұман". Ең қорқынышты да, сұлу жанартауларға саяхат