Шри-Ланка шақырады. Қазақстандықтар "дәмдеуіштер еліне" сәуірге дейін бара алады

6 ақпаннан бастап екі әуекомпания Қазақстаннан Шри-Ланкаға чартерлік рейстерді іске қосады. Енді аптасына 350 қазақстандық дәмдеуіштер еліне бара алады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Echelon Media басылымына сілтеме жасап. 

Aitken Spence Travels туристік компаниясының мәліметінше, "Эйр Астана" 2021 жылдың 6 ақпанынан бастап, әр сенбі сайын 2021 жылдың сәуіріне дейін, ал SCAT - әр бейсенбі сайын 2021 жылдың сәуіріне дейін рейстер орындайды. 

© Shutterstock

"Туризм басқармасы қауіпсіздік хаттамаларының жоғарғы талаптарын енгізді. Алайда, біз осы қиын шарттардың өзінде табысты жұмыс істейміз деген сенімдеміз", - деді Aitken Spence Travels басқарушы директоры Налин Джаясундера. 

Aitken Spence Travels мәліметінше, көптеген қазақстандықтар отбасымен саяхаттайды және төрт не бес жұлдызды қонақүйлерді таңдайды. Орташа есеппен алғанда Қазақстан туристері Шри-Ланкада жеті түн болады және тек 20 пайызы мұнда екі аптаға келеді екен. 


© Shutterstock 

Туроператорлар тікелей рейстерді ашу арқылы елдегі туризм саласына жаңа өмір береді және ТМД-ның басқа да елдеріне шекараларды ашады деген сенімде.  

Айта кетейік, Шри-Ланка 2021 жылдың қаңтарынан бастап туристердің келуіне рұқсат берді. Дәмдеуіштер еліне кіру үшін, келушілер ПТР-тестінің теріс нәтижесін тапсыруы қажет. Сонымен қатар, тек арнайы қонақүйлерде және жағажай курорттарында қоныстануға рұқсат етіледі. Жергілікті халықпен байланыс орнауы мүмкін жерлерге бару тыйым салынған. 


© Shutterstock

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.