Шри-Ланка барлық COVID-шектеулерін алып тастады

7 желтоқсаннан бастап Шри-Ланка шетелдік туристердің кіруі үшін барлық COVID-шектеулерін алып тастады. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігінің сайтында - Srilankamirror.com жарияланды.

Қаулыға денсаулық сақтау қызметінің бас директоры қол қойған. Мәтінге сәйкес, курортты елге демалуға келген әрбір турист шекарадан өту үшін вакцинация сертификатын көрсету міндеттелмейді.

Сонымен қатар, туристерден коронавирусқа ПТР немесе антиген сынағын ұсыну міндеттемесін алып тастады. Алайда, егер республикаға кіргеннен кейін шетелдік саяхатшыдан COVID-19 сынағының оң нәтижесі шықса, ол өз есебінен жеті күндік карантиннен өтуі керек.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!