Шри-Ланка әлеммен әуебайланысын қайта қалпына келтіреді

Шри-Ланканың ең ірі қаласы Коломбоға коммерциялық және жеке әуеұшулар 26 желтоқсанда қайта қалпына келеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz порталы Tourdom басылымына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, туристер осы елде демалу үшін кемінде 14 күн болуы керек - оның ішінде міндетті екі апталық карантин бар. Соған қарамастан қонақтар қонақүй аумағында емін-еркін жүре алады. Рұқсат қағазын алған қонақүйлер тізімі таяу уақытта жарияланады екен. 

Туристерге арналған міндетті талаптар қатарында онлайн-виза бар, оны рұқсат етілген мерзімге қонақүйді брондаудан кейін алуға болады. Сонымен қатар, саяхатшылар үш ПЦР-тест немесе антиденеге сараптама ақысын төлейді. 

БАҚ мәліметінше, "Аэрофлот" компаниясы Шри-Ланкаға 26 желтоқсаннан 2021 жылдың 28 наурызына дейін күнделікті рейстерге рұқсат алған. "Пантеон" туроператорының басшысы Анатолий Гаркушиннің айтуынша, осы бағыт міндетті карантин мен ақысы көтерілгеніне қарамастан ресейліктердің сұранысына ие болады. 

"Шри-Ланкадағы көптеген қонақүйлердің көлемді аумағы бар. Туристерге бұл аумақта жүруге тыйым салынбайды. Сол себепті жағажай демалысын ұсынушылардың аз болуына байланысты, осы елге барушылар саны артады", - дейді маман. 

Қазіргі уақытта қазақстандықтар үшін Алматы, Нұр-Сұлтан және еліміздің басқа да әуежайларынан тікелей 12 бағыт ашық. Қазақстандықтар Түркияға, Мысырға, Дубайға және Мальдивке бара алады. Әуебайланысты жергілікті және шетелдік әуекомпаниялар жүзеге асырады. 

Коронавирус пандемиясы жақын арада аяқталып, шекаралар қайтадан ашылады деп үміттенеміз.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.