Шри-Ланка Денсаулық сақтау министрлігі 19 наурызда шетелдік туристер үшін карантин шараларын жаңартты. Коронавирусқа қарсы вакцинациялаудың толық курсынан өткен туристер мемлекеттік сертификатталған қонақүйлерде міндетті карантиннен өтуден босатылды, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы АТОР сайтына сілтеме жасап.
Шри-Ланка Денсаулық сақтау министрлігінің хаттамаларында турист қандай вакцинамен иммундалуы керек екені көрсетілмеген.
Жаңартылған ережелерге сәйкес, Шри-Ланкаға COVID-19 вакцинациясының толық курсын аяқтағаннан кейін екі аптадан соң келген шетелдік жолаушылар әуежайдың денсаулық сақтау инспекторына вакцинация туралы куәліктің түпнұсқасын көрсетуі тиіс. Егер егу сертификаты ағылшын тілінде болмаса, ағылшын тіліндегі аудармасының расталған көшірмесін ұсынуы керек.
Төлқұжат бақылауынан кейін вакцинацияланған туристерді мемлекеттік органдар карантинге арналған қонақүйге немесе медициналық орталыққа жеткізеді. Онда олар мемлекеттік, я болмаса жеке зертханада 24 сағат ішінде COVID-19-ға ПТР-тест тапсырады.
ПТР-тест нәтижесі дайын болғаннан кейін (теріс нәтиже болған жағдайды), шетелдіктер уақытша обсерваториядан кете алады. Оларға ПТР сынамасын алу күні және ПТР-тест нәтижесі көрсетілген күн белгіленген анықтама беріледі.
Вакцинацияланған саяхатшылар карантинге арналған қонақүйден немесе медициналық орталықтан демалыс орнына өз ақшасымен баруға мәжбүр болады.
Курортқа, қонақүйге, жалға алынған тұрғын үйге келгеннен кейін олар дереу жергілікті медицина қызметкеріне телефон немесе электрондық пошта арқылы хабарласып, уақытша обсерваториядан шығару туралы құжатты ұсынуы керек. Сондай-ақ 7 күннен кейін олар өз есебінен коронавирусқа тағы бір ПТР тестін тапсырады.
Вакцинацияның толық курсын өтпеген немесе Шри-Ланкаға вакцинациядан кейін екі апта болмай келген адамдар үшін, сондай-ақ вакцинацияланбаған саяхатшылар үшін бұған дейінгі талаптар сақталады.
Мұндай туристер ұшудан 96 сағат бұрын жасалған ПТР-тестінің теріс нәтижесін беруі керек. Егер шетелдік Шри-Ланкада жеті күннен артық қалмаса, тағы екі рет ПТР-тест тапсырады. Ал оның сапары бір аптадан көп уақытқа созылса, ПТР-тестін үш рет тапсыруы керек. ПТР-тест 40 доллар тұрады.
Нәтижені алғанға дейін арнайы қонақүйлерде карантинге жатқызылады. Содан кейін шетелдіктер Шри-Ланка үкіметі рұқсат еткен жерлерге бара алады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!