Фото: Тұрар Қазанғапов © ️ Фото: Тұрар Қазанғапов © ️

Шетелдіктер лира құлдырағанын пайдаланып, Түркиядан үй сатып алып жатыр


Түркияда шетелдіктерге үй сату 50 пайызға жуық өсіп, рекорд деңгейге жетті. Бұл жағдай елге миллиардтаған шетел валютасын әкелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Түркия статистика институты мәліметінше, жылдық 20 пайыздан аса инфляция жағдайында жылжымайтын мүлік нарығы тұтастай алғанда жанданды, жалпы сатылым былтырғымен салыстырғанда 59 пайызға артып, 178 814 жылжымайтын мүлікке жетті.

"Адамдар тұрғын үйді инфляциядан қорғайтын құрал ретінде қарастырады, бұл қарашада сатылымды арттырды", - деді TSKB Real Estate Appraisal бас директор Макбуле Йонел Майя.

Ол бұл әсер мемлекеттік банктердің несиелері бойынша пайыздық мөлшерлеменің төмендеуіне байланысты екенін айтты.

Қарашада шетелдіктерге 7 363 үй сатылды, бұл 2013 жылы деректер жинау басталғаннан бергі ең жоғары айлық көрсеткіш. Шетелдік сатып алушылардың ең көп саны Ираннан болса, Ирак пен  Ресей азаматтары екінші орында.
 
Шетелдіктерге жылжымайтын мүлік сатылымы алғашқы 11 айда 39,4 пайызға өсті, ал 11 айлық кезеңдегі жалпы үй сатылымы бір жыл бұрынғыдан 9,2 пайызға төмендеді.

Ыстамбұл 2 922 сатылыммен шетелдіктерге үй сату бойынша ең танымал бағыт болды, одан кейін оңтүстіктегі Анталия курорты мен астана Анкара тұр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!





Осыған ұқсас мақалалар

Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Мысырға аяз келді
Мысырға аяз келді
Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды