Шенген аумағына кірген Хорватия еуро қолдана бастады

Хорватияда еуроға өту аяқталды - Шенген аймағына толықтай кірген ел 15 қаңтарда ұлттық валютасын айналымнан шығарды. 1 қаңтардан бері Хорватия ресми түрде Шенген аумағында, алайда бұл елдегі әуежайлар тек наурыз соңында "толық дайын болады".

Шенгенге кірісімен Хорватия автоматты түрде аумаққа мүше өзге 26 елмен шекарасын ашты. Содан бері елде есеп айырысу ұлттық валюта (куна) және еуромен де жүрді, бірақ туристерге ақша қайырғанда тек еуро берілетін. Ал 15 қаңтарда өтпелі кезең ресми түрде аяқталды - енді куна валютасын еуроға тек Хорватиядағы пошта бөлімдері мен ұлттық банкң ғана айырбастайды, соңғы мекеме бұл айырбастауды 2024 жылдың соңына дейін жүргізеді.

Реклама
Реклама

Шенген аумағындағы елдердің туристеріне Хорватияға өз көлігімен бару әлдеқайда жеңілдейді. Өйткені 1 қаңтардан бастап Хорватиядан Словения мен Мажарстанға және кері бағытта жүретіндер құжат бақылауынан босатылды. Ал әуежайларда шекаралық тексерістер 2023 жылдың 26 наурызына дейін жүргізіледі. Демек Халықаралық әуе көліктері қауымдастығының (IATA) жазғы/қысқы кестесі күшіне енгенге шейін.

Еске салайық, бұл елде С дәрежелі қысқа мерзімді виза - туристік, емделу мақсатында баруышлар мен жылжымайтын мүліктері барлар үшін де Шенген аумағындағыдай 80 еуро. Сонымен қоса, турист 27,5 еуро көлемінде қызметтік және логистикалық алым ретінде 6,5 доллар төлеу керек болады.