Мысырда туристер мінген автобус жол апатына ұшырап, салдарынан 12 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі. Қаза тапқандардың арасында екі бала бар және 40-қа жуық адам зардап шекті. Автобус Каирден шығып, Шарм-әл-Шейхке бара жатқан кезде Каир-Суэц тасжолында аударылған.
Апаттың қалай болғаны белгісіз, алайда жолаушылар көлігі тасжолдан шығып кетіп, аударылғаны айтылады. Соның салдарынан 12 адам қаза тапты. 38 адам зардап шекті, олардың арасында ауыр халде жатқандары бар. 30 жедел жәрдем көліктері зардап шеккендерді Суэц ауруханасына жеткізді.
Әзірге автобуста қай елдің азаматтары болғаны белгісіз. Оның салонында туристер және жергілікті тұрғындар да болғаны анықталды.
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!