Шарджа төрт күндік жұмыс аптасына көшеді

Сурет: elements.envato.com

Парсы шығанағының оңтүстігінде орналасқан Шарджа мемлекеттік қызметшілер төрт күн жұмыс істейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Al Arabiya сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Парсы шығанағының оңтүстігінде орналасқан Шарджа мемлекеттік қызметшілер төрт күн жұмыс істейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Al Arabiya сайтына сілтеме жасап.

Шарджаның атқарушы кеңесі шешім "БАӘ-нің елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған тұжырымдамасына сәйкес" қабылданғанын айтты. Осылайша, Шарджада мемлекеттік мекемелер үшін жұмыс аптасы дүйсенбіден бейсенбіге дейін қысқарады, ал демалыс күндері жұмадан жексенбіге дейін созылады.

"1 қаңтардан басталатын бұл өзгеріс іскерлік орта мен экономикалық нарықты қолдайды, сондай-ақ, әлемдік деңгейде дамуға ықпал етеді", - делінген кеңестің хабарламасында.

Реклама
Реклама

Шарджа Үкіметінің атқарушы кеңесі бас хатшысының көмекшісі Ахмед әл-Сувайди осы өзгеріске сәйкес мемлекеттік мекемелердің ресми жұмыс уақыты 7.30-дан 15.30-ға дейін созылатынын айтты. Өзгерістер 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Шарджа Таяу Шығыстағы мемлекеттік секторды төрт күндік жұмыс аптасына ауыстырған алғашқы аймақ болды. Бұл шешім Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) ресми жұмыс аптасын төрт жарым күнге қысқартып, демалыс күндерін сенбі және жексенбіге ауыстырғаннан кейін қабылданды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная