"Шаңғы тебу арзанға түседі". Қырғызстандағы тау шаңғысы курорттары жайлы не білесіз?

Фото @instagram.com/saikal_official

Қырғызстандағы тау шаңғысы курорттары қазақстандық туристерді қолжетімді бағасы, жолдың жоғары сапасы және қызмет көрсету деңгейінің сапасымен қызықтырады. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге осы маусымда көрші елде қандай демалыс орындары ашылғаны, әрі жақын арада қандай орындар ашуды жоспарлап отырғаны, сондай-ақ, базалардың инфрақұрылымы мен ерекшелігі жайлы баяндайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстандағы тау шаңғысы курорттары қазақстандық туристерді қолжетімді бағасы, жолдың жоғары сапасы және қызмет көрсету деңгейінің сапасымен қызықтырады. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге осы маусымда көрші елде қандай демалыс орындары ашылғаны, әрі жақын арада қандай орындар ашуды жоспарлап отырғаны, сондай-ақ, базалардың инфрақұрылымы мен ерекшелігі жайлы баяндайды.

Қырғызстанда қар желтоқсаннан наурызға дейін, биік таулы аймақтарда жыл бойы жауады. Көптеген тау курорттарының аймағында ауа-райы әдетте жылы болады. Шуақты күндер де аз емес. Айтпақшы, керек жабдықты барлық базаларда жалға алуға болады. Сонымен қатар, тау шаңғысы курорттарының көпшілігінде жатын орындары бар.

Реклама
Реклама

Қырғызстанның экономика және қаржы министрлігіне қарасты Туризм департаменті директорының орынбасары Қиял Кенжематованың айтуынша, 27 қарашада көрші республикада қысқы маусым ресми түрде басталды. Маусымның ашылуы "Қаракөл" тау шаңғысы базасында өтті. Бұл демалыс орны осы аттас қаладан жеті шақырым жерде - Тянь-Шань тауларының баурайында, қылқан жапырақты ормандармен қоршалған аймақта орналасқан.

"Қаракөлдің" бай тарихы бар. Кеңес заманында мұнда спортшылар Олимпиада ойындарына дайындалды. Күрделі модернизациядан кейін курорт 2004 жылы екінші рет дүниеге келіп, бірден ашық ауада демалуға арналған танымал орынға айналды.

"Қаракөл" тау шаңғысы курортында әртүрлі соқпақтар бар: жаңадан бастағандар, орташа және жоғары қиындықтағы. Жалпы ұзындығы 20 шақырымнан астам, беткейлерінің ұзындығы 400 метрден 3,5 шақырымға дейін жетеді. Төрт орындық көтергіштері бар.

Шаңғы тебудің ең биік нүктесі - 3040 метр. Қарда жүретін көлікпен сіз одан да жоғары көтеріле аласыз, шамамен, 3450 метр биіктікке дейін. Бұл жерден Пржевальский, Жігіт, Қаракөл және Ыстықкөл атындағы тау шыңдарының таңғажайып көріністері ашылады.

Әдетте, қарда жүретін көлік қызметін қалың қарда жүруді ұнататындар пайдаланады. Сонымен қатар, қарда жүретін көлікпен орманды аралап, сруендеуге болады.

Сондай-ақ, "Қаракөлде" шана тебуге арналған арнайы еңіс бар.

Сонымен қатар, шаңғы базасында жыл сайын мұз айдыны жаңарып отырады.

Шаңғы базасының аумағында үш қонақүй, шале-үйлер, дәмхана және мейрамхана бар.

Аспалы жолдың құны 800 сомнан (шамамен 4000 теңге), жабдықты жалға алу 1000 сомнан (5100 теңге) тұрады.

Биылғы қысқы маусымда ашылған тағы бір шаңғы демалыс орны - "Ақташ".

Ол Бішкектен 35 шақырым жерде, Қашқа-Суу ауылында, Оруу-Сай шатқалында, теңіз деңгейінен 2100 метр биіктікте орналасқан.

Шаңғышылар мен сноубордшыларға арналған жолдар бар. Олардың жалпы ұзындығы 1800 метрді құрайды. Екі аспалы жол бар. Келушілерге қонақүй, дәмхана, беседка ұсынылады. База күнделікті жұмыс істейді.

Аспалы жолдың құны 800 сомнан (шамамен 4000 теңге), құрал-жабдықтарды жалға алу - 500 сомнан (шамамен 2500 теңге) тұрады.

"Қашқа-Суу" да биікте орналасқан - мұнда қар жатыр, келіп сырғанауға әбден болады. Шаңғы базасы Бішкектен 35 шақырым жерде - Қырғыз Алатауының солтүстік беткейінде орналасқан.

База 1976 жылы тау шаңғысы клубының әуесқойлары бензин қозғалтқышында ұзындығы 870 метр сүйрейтін арқан жолын жасап, іске қосқан кезде құрылды. Бірте-бірте орталық дами бастады. Ал өткен ғасырдың 90-шы жылдарында жұмысын тоқтатпай, "Кашка-Суу" турситтік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (ЖШС) айналды.

Бүгінгі күні кешенде дамыған инфрақұрылым бар. Мұнда бірнеше қонақүй, мейрамхана, бар, сауна, дәмхана, қысқы сырғанақ, спорт алаңы, автотұрақ орналақан.

Жеті шаңғы трассасы бар. Олардың жалпы ұзындығы он шақырымнан асады.

Сүйретпелі және орындық көтергіштері бар.

Аспалы жолдың құны - 900 сомнан (шамамен 4600 теңге), жабдықты жалға алу - 700 сомнан (шамамен 3600 теңге).

Келесі базалар кейінірек ашылады. Сапар алдында базаға тікелей хабарласу арқылы ашылу уақытын нақтылауды ұсынамыз.

"Too Aшуу" шаңғы базасы астанадан 130 шақырым жерде, Бішкек-Ош жолының бойында орналасқан.

"Too Aшуу" Қырғызстандағы шаңғымен сырғанау үшін ең жақсы орындардың бірі ретінде танымал. Шаңғышылар тобын тікұшақпен шыңға шығарады. Олармен бірге белгілі бір беткейлерде түсу ерекшеліктерін түсіндіретін гид жүреді. Бағдарлама аясында шаңғышылар мен сноубордшылар тың тау беткейлерінен адам аяғы баспаған, таза табиғат жағдайында түсуі керек.

Ең әдемі Суусамыр алқабының қар басқан тауларында шаңғымен сырғанау қаңтардың ортасынан басталып, сәуірдің аяғына дейін жалғасады.

Сондай-ақ, қиындығы әртүрлі үш жол бар. Олардың жалпы ұзындығы он шақырымнан асады. Сонымен қатар, база заманауи көтергішпен жабдықталған. Бірнеше тұрақ орындары, дәмхана, монша бар.

Жабдықты өзіңізбен бірге әкелмей, сол жерде-ақ жалға алуға болады. Жаңадан бастаушылар үшін қолайлы база. Олар үшін тау шаңғысы мен сноубордтан сабақ беретін нұсқаушылар да бар.

"Орловка" Бішкектен 100 шақырым жерде орналасқан. Күрделілігі мен ұзындығы әртүрлі тоғыз жол бар, биіктігі 30-дан 560 метрге дейін 150-ден 2890 метрге дейін. Үш кресло және бір сүйреткіш аспалы жол бар.

Бір қызығы, мұнда күндіз ғана емес, түнде де сырғанауға болады.

"Орловка" базасында құрал-жабдықтарды жалға алып, шаңғы мен сноуборд тебуден сабақ алуға болады.

Инфрақұрылым айтарлықтай дамыған. Бірнеше тұрақ орындары, мейрамхана және сауна бар.

Бішкектен 35 шақырым жерде Оруу-Сай шатқалында осы аттас тау шаңғысы курорты орналасқан.

Ұзындығы мен қиындығы әртүрлі үш жол бар. Тіркеп алатын үш аспалы жол бар.

Нұсқаушылар жабдықты таңдауға және шаңғы мен сноуборд тебуді үйретуге көмектеседі.

База аумағында қонақтарды орналастыру, мейрамхана және сауна бар.

"ЗиЛ" шаңғы базасы - республикадағы қысқы демалыс орындарының бірі. База Бішкектен 35 шақырым жерде, көрікті жерде орналасқан.

"ЗиЛ" аспалы жолдарымен танымал. Мұнда олардың бесеуі ғана бар. Ұзындығы 1,3 шақырымды құрайтын біріншісі сүйреткіш жол. Екіншісі - 1,5 шақырымды құрайтын оқшауланған отырғыштары бар лифт. Үшіншісі сенімді шаңғышыларға арналған, көтеруді "ұлу" жүйелі көтергішпен жүзеге асырады, оның ұзындығы 1,4 шақырымды құрайды. Төртінші бірдей "ұлу" механизмімен жабдықталған, оның ұзындығы 1,2 шақырым. Бесінші балаларға және жаңадан бастаған шаңғышыларға арналған. Ол сүйретпелі болып келеді. Оның ұзындығы небәрі 400 метрді құрайды.

Жолдардың жалпы ұзындығы шамамен 2,5 шақырымды құрайды. Сондай-ақ, зиплайн (тарзан), тау шаңғысы, тюбинг бар. База қардан жасалған зеңбіректермен жабдықталған. Шаңғы жабдықтарын жалға алу қарастырылған. Сноуборд және шаңғы тебу мектебі бар.

Кеңтөр мұздығы базадан бес шақырым жерде орналасқан. Болашақта аспалы жол орнату жоспарлануда, мұздықта жыл бойы шаңғы тебуге болады.

Қонақтарға мұнда тұрақтайтын орын, автотұрақтар, бірнеше дәмханалар ұсынылады, соның ішінде біреуі теңіз деңгейінен 2300 метр биіктікте орналасқан. Жабдықты жалға алуға болады.

"Политех" шаңғы базасы Бішкектен 27 шақырым жерде, Қашқа-Суу жолында орналасқан. Базаның құрылуына әуесқойлар арқасында ашылды десе, бірақ бұл жолы студенттерге қарыздар десе болады. 1976 жылы Фрунзе политехникалық институтының студенттері Қашқа-су шатқалының дәл кіре берісіне лифт орнатқан. Содан кейін оқушылар ұзындығы 800 метр, ені 25 метр болатын коньки тебу жолын дайындады. 1980 жылы база екінші аспалы жолды, ал үш жылдан кейін үшіншісін алды.

40 жылдан астам уақыт ішінде жолдар үнемі қайта салынып, жаңаланып отырды, бұл оларды ыңғайлы, әрі қауіпсіз етті. Бүгінгі күнге дейін үшеуі бар. Олар әртүрлі қиындық дәрежесіне ие. Олардың жалпы ұзындығы 12 шақырымнан асады.

Демалыс орнында сүйреткіш типтегі екі аспалы жол және бір стационарлық типтегі "швабра" жолы бар.

Сондай-ақ мұз айдыны бар, конькиді жалға алу мүмкіндігі қарастырылған. Шаңғы жабдықтарын жалға алуға да болады. Сондай-ақ шаңғы және сноуборд сабақтарын алуға болады.

Мұнда жатын орын жоқ, бірақ дәмхана бар.

"Чункурчак" шаңғы кешені Бішкектен 30 шақырым жерде, сол аттас трактіде орналасқан.

Мұнда бірнеше жолдар бар: жаңадан бастаушылар үшін де, кәсіпқойлар үшін де, атап айтқанда, фрирайд пен шаңғы турының не екенін білетіндерге арналған. Айтпақшы, мұнда Қырғызстандағы кәсіпқойларға арналған ең ұзын жол бар, оның ұзындығы шамамен 10 шақырымды құрайды. Мұнда бес заманауи лифт жұмыс істейді.

Олардың барлығының атаулары бар және түсі бойынша ерекшеленеді. Мұнда 12 жасқа дейінгі балалар үшін арнайы алаң жасалған. Ол қоршалған. Арнайы балалар көтергіші - ұзындығы 100 метрлік таспа траволатор бар.

Кешен аумағында қонақтарға спорттық құрал-жабдықтарды жалға беру пункті, фельдшерлік пункт, автотұрақ, фастфуд дәмханасы, балалар бұрышы орналасқан.

"Тоғыз-Бұлақ" тау шаңғысы курорты Бішкектен 40 шақырым жерде, Қырғыз жотасының солтүстік беткейінде орналасқан. База 1978 жылы ашылған, бірақ жұмысын тоқтатып, 2003 жылы қайта ашылды.

Мұнда туристерге қиындығы мен ұзындығы әртүрлі тоғыз соқпақ ұсынылған, әрқайсысы екі-үш километрге дейін барады. Барлығы 40 га өңделген және өңделмеген (фрирайд) беткейлер. Екі орынды көтергіш жұмыс істейді. Көтерілу жолының ұзындығы екі шақырымды құрайды.

Аумағында әртүрлі тұру орындары, сауна және дәмхана бар.

"Ski-Татыр" шаңғы базасы Бішкектен 25 шақырым жерде, Татыр ауылында орналасқан. Ол жаңа. Мұнда әзірге қонақүйлер мен дәмханалар жоқ (швед үстелі бар).

Базада кәсіпқойларға, жаңадан бастағандарға, балаларға да арналған беткейлер бар. Жолдар жұмсақ және өңделген. Сондай-ақ, екі сүйреткіш аспалы жол жұмыс істейді.

Шаңғы жабдықтарын жалға алу мүмкіндігі бар. Сіз шаңғы және сноуборд нұсқаушыларынан сабақ ала аласыз.

Тағы бір жаңа демалыс орны - "Актюз". Ол 2019 жылы ашылды. Мұнда орнатылған қондырғылардың барлығы Еуропадан әкелінді. Ол да еуропалық стандарттарға сай салынған.

Мұнда әзірге жатын орындары жоқ, бірақ тамақтандыру орталығы мен автотұрақ бар.

Беткейлерде жаңадан бастаушылар мен кәсіпқойларға арналған бірнеше соқпақ бар. Балалар алаңы бар. Арбалар мен арқан жолдары қарастырылған.

Кіру шарттары

2021 жылдың 1 желтоқсанынан бастап вакцинация мәртебесіне қарамастан Қырғызстанға келген әрбір адам үшін ПТР сынағының теріс нәтижесі туралы анықтама қажет.

Бұл ереже шекараны кез келген жолмен, яғни құрлықта да, әуеде де кесіп өткенде қолданылады.

Бішкекке әуе билеттерін үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесінен теміржол және әуе билеттерін жылдам табуға, брондауға және онлайн сатып алуға мүмкіндік беретін "Авиата" сервисінің көмегімен сатып алуға болады.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная