Әлемде туристік аймақ ретінде бақуатты адамдардың сұранысына ие болған Сейшел аралдары барлық саяхатшылар үшін шекаралардың ашық екенін жариялады, алайда ол үшін келушінің коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырғаны туралы растайтын құжаты болуы керек, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Seychelles News Agency басылымына сілтеме жасап.
Офшор орталығы, "туристер жұмағы" деп танылған 115 аралдан тұратын осы бір елге келген әрбір туристің қолында COVID-19-ға қарсы вакцинаның екі дозасы салынғаны туралы растайтын сертификаты болуы тиіс. Алайда оның нақты қандай екпе екені нақтыланбаған.
Сонымен қатар, екпе салдырған азаматтар үшін карантинде болу талаптары қойылмайды. Бірақ барлық келушілер 72 сағаттан аспайтын уақыт ішінде ПТР-тест нәтижесінің теріс екені туралы анықтаманы өткізуі керек.
Сейшел аралдары Республикасы - Африка құрлығында Мадагаскар аралының солтүстік-шығысында орналасқан шағын мемлекет. Жер аумағы небәрі - 455 шаршы шақырым және халық саны жүз мыңға жуықтайды. Бұл елде ресми тіл - креол, алайда барлығы француз, ағылшын тілдерінде емін-еркін сөйлейді. Халқының 80 пайызы католиктер. Астанасы Виктория қаласы Маэ аралында орналасқан және осы шаһарда халықаралық әуежай бар. Ақша өлшемі - сейшель рупиясы. Ауаның орташа айлық температурасы 26-28 градус. Жылдық жауын-шашын мөлшері 4000 миллиметр. Орталық бөлігінде мәңгі жасыл тропиктік орман өседі. Алып тасбақа, құстардың көптеген түрлері мекендейді.
Коронавирус пандемиясы жақын арада аяқталып, шекаралар қайтадан ашылады деп үміттенеміз.
Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.
Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.