Сеулде 275 жолаушысы бар пойыз рельстен шығып кетті

Оңтүстік Корея астанасы Сеул қаласында пойыздың рельстен шығып кету салдарынан кем дегенде 30 адам жарақат алды, - деп хабарлайды Ренхап ұлттық теміржол корпорациясына (KORAIL) сілтеме жасап.

"Сеул орталығында пойыз рельстен шығып кетіп, соның салдарынан 30 адам жарақат алды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

KORAIL мәліметінше, зардап шеккендердің көбісі жеңіл жарақат алған. Апат болған кезде пойызда 275 жолаушы болған.

Агенттік мәліметінше, оқиға жергілікті уақыт бойынша 20:52-де болған, пойыз қала орталығындағы станциялардың біріне жақындап келе жатқан. Алты теміржол вагоны рельстен шығып кеткені айтылады, оның бесеуінде жолаушылар болған.

(LEAD) Train derails in central Seoul, injuring 30 passengers https://t.co/4aYLJjPl57

— Yonhap News Agency (@YonhapNews) November 6, 2022

Басылым мәліметінше, апатқа байланысты осы тізбекте пойыз қатынасы бір сағаттан аса уақытқа тоқтаған. Қазіргі уақытта KORAIL оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.