Сербия туристердің кіру ережелерін өзгертті

Сербия үкіметі шетелдік туристердің елге кіру ережелерін өзгерту туралы шешім қабылдады. Ендігіде Сербия аумағына кіру үшін туристер COVID-19 анықтайтын ПТР-тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманы тапсыруы керек және бұл биоматериалды алғаннан кейін 48 сағаттан аспауы тиіс", - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы "АТОР" басылымына сілтеме жасап. 

Жаңа талаптар 20 желтоқсаннан бастап күшіне енеді және 10 қаңтарға дейін жарамды болады. Осыған дейінгі шектеу шаралары (18 желтоқсанға дейін созылған) бойынша Сербияда барлық тамақтану мекемелері сағат 17:00-ге дейін ғана жұмыс істейді, ал демалыстарда жабық болады. Сонымен қатар, ғимарат ішінде және сыртта бес адамнан артық жиналуға тыйым салынған, сондай-ақ мекемеде маска тағу міндеттеледі. 

14 желтоқсандағы жағдай бойынша Балқан елінде 4932 адам COVID-19 жұқтырған, 49 адам қайтыс болған. Айта кетейік, Сербия пандемияға байланысты шетелдіктердің келуіне тыйым салған жоқ. Қазақстаннан осы елге тікелей рейстер жоқ, ал Ресей 15 қазаннан бастап Сербиямен халықаралық рейстерді қайта қалпына келтірді.