Селфи түсірмек болған турист 50 метр биіктіктен құлап кетті

Фото: ABC News/Kyle Harley

Аустралияда қыз бала селфи түсіремін деп биіктігі 50 метр жардан құлап кетті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ABCnews басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Аустралияда қыз бала селфи түсіремін деп биіктігі 50 метр жардан құлап кетті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ABCnews басылымына сілтеме жасап.

Оқиға Филлип аралындағы Вуламай мүйісінде болған. Полиция мәліметінше, 22 жастағы турист қыз ауруханаға санитарлық авиация көмегімен жеткізілген. Қыз бала достарымен бірге жүрген, олар төмен түсіп жедел жәрдем шақырған.

Реклама
Реклама

Басс-Кост полициясының инспекторы Дэйв Файфтың айтуынша, қыздың жарақаты ауыр емес, алайда көптеген жері сынған.

"Ол жолаяқтан шығып кетіп, өкінішке орай жартастан құлады", - дейді ол.

Инспектордың айтуынша, бұл жағдай ашық алаңда қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігінің жақсы мысалы екен. Билік өкілдері белгіленген жерлермен жүріп, артық тәуекелге бармауға шақырады.

"Физикада селфи қарастырылмаған, гравитация - бұл тек төмен қарай құлдилау", - деп түйіндеді полицей.

Вуламай мүйісі әлемде толқындарымен және жартастарымен танымал, онда көптеген елдердің серферлері жарысқа жиналады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная