Саяхаттауға қауіпті елдер картасы жарияланды

© pixabay.com

Немістің A3M Global Monitoring (жаһандық мониторинг жүйесі негізінде әлем бойынша туристер қауіпсіздігімен айналысады) ұйымы 2023 жылы саяхаттауға қауіпті елдер картасын ұсынды. Мұндай мәліметті олар компания сайтында жариялады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Немістің A3M Global Monitoring (жаһандық мониторинг жүйесі негізінде әлем бойынша туристер қауіпсіздігімен айналысады) ұйымы 2023 жылы саяхаттауға қауіпті елдер картасын ұсынды. Мұндай мәліметті олар компания сайтында жариялады.

Сараптамаға сәйкес мынадай тәуекелдер санаты ескерілген: кіру/шығу, көлік тасымалы, қолжетімді инфрақұрылым, табиғи қауіпсіздік, террорлық қауіп деңгейі, көтерілістер және тағы басқан. Сарапшылар әлемді бес деңгейге бөлген, онда елдер мен қалалар "өте төмен" деңгейден "өте жоғарғы" санаттарға бөлінген. Украиналық дағдарысқа байланысты көптеген "тектоникалық" өзгерістер болған. Саяхаттауға қауіпті елдер қатарында танымал туристік бағыттар да бар.

Ең қауіпті елдер тізімі (қою қызыл түс): Сирия, Йемен, Африканың жартысы (Ливия, Сомали, Мали, Орталық Африка респбубликасы және тағы басқа), Украина (Донецк, Луганск, Херсон, Запорож облыстары), сондай-ақ Ирак, Иран, Ауғанстан, Пәкістанның және Мьянманың жартысы. Мысалы Иран қызыл түске боялған, себебі онда біраз уақыттан бері ереуілдер боп жатыр.

Реклама
Реклама

Картаның классификациясына сәйкес Оңтүстік және Орталық Америкадағы қауіпсіздік көрсеткіші де өзгеріске ұшыраған. Бұл аймақта саяхаттау тәуекелі бірден жоғарылап кеткен. Саяхатшыларға Колумбияға баруға кеңес берілмейді, өйткені онда қылмыс пен зорлық деңгейі айтарлықтай өскен.

Картада ашық-қызыл түске боялған Ресей, Венесуэла, Папуа-Жаңа Гвинея, Пәкістан жартысы, Мысыр және Чад "тәуекел жоғары" елдер тізіміне енген.

"Саяхатшылар тәуекелдің жоғары деңгейіне тап болады және елде/аймақта шектеулерге дайын болуы керек, сондықтан кетер алдында арнайы шаралар қабылдау қажет (мысалы, жеке қауіпсіздік жоспарлары). Бұл аймақтарға сапарлау негізінен ұсынылмайды", - делінген сипаттамада.

Ұйым өкілдерінің айтуынша, мұндай мемлекеттерде кейде саяси тұрақсыздық кезеңдері, зорлық-зомбылық наразылықтары мен террорлық шабуылдар болады, ал саяхатшылар жергілікті тұрғындардың, діни фанаттардың немесе нәсілшілдердің әрекеттерінен зардап шегуі мүмкін. Полиция қорғап қалады деп сенудің қажеті жоқ, өйткені оның жұмысының тиімділігі аймаққа байланысты өзгереді.

Беларусь, Түркия, Қазақстан, Өзбекстан, Түркменстан, Кытай, Сауд Арабиясы, Судан, Үндістан, Таиланд, Вьетнам, Камбоджа, Индонезия, Танзания, Мадагаскар аралы, Мысырдың шығыс бөлігі, Бразилия, Перу, Мексиканың жартысы, Албания мен Косово территориялары сары түске боялып, жоғарғы тәуекел статусын алған.

АҚШ, Аргентина, БАӘ, африкалық Намибия мен Ботсвана және Морокко, Еуропаның біршама бөлігі: Швеция, Ұлыбритания, Эстония, Латвия, Литва, Франция, Испания, Италия, Чехия, Австрия, Польша, сондай-ақ Малайзия мен Аустралия туризм үшін төмен қауіпті елдер деп танылды. Картада олар ашық жасыл түспен көрсетілген.

Саяхаттауға ең қауіпсіз елдер өте аз (жасыл түс) - Канада, Норвегия, Дания, Финляндия, Исландия, Швейцария, Словения және Люксембург.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная