@Shutterstock @Shutterstock

Саяхатта қандай орындар мен заттардан аулақ болу керек - сарапшылардың пікірі


Пандемия баяу өтіп бара жатқанына қарамастан, саяхат кезінде ауырып қалмау үшін сақтық шараларын қолдану әлі де маңызды. Лас және қауіпті болуы мүмкін жерлерді білу - өзіңізді қорғаудың бір тәсілі. Kaz.tengritravel.kz тілшісі Traveloffpath.com сайтына сілтеме жасап, саяхатта қандай орындар мен заттардан аулақ болу керегін айтады.

Lysol Pro Solutions компаниясы зерттеу жүргізіп, саяхатшылар сақ болу керек ең лас жерлердің тізімін жариялады. Мамандар 15 қонақүйде, бір әуежайда және он ұшақта талдау жасады: алдымен таңдалған орынды мақта тампонымен арнайы сулады, содан кейін оны бактериялардың деңгейін өлшейтін құрылғыға салды.

Сынамалар төрт жерден алынды: қонақүй нөмірлері, жалпы пайдалану орындары, әуежайда тіркеу вестибюльдері және ұшақта отыруға арналған орындар.

Сонымен, микробтар шоғырланатын негізгі орындар:

- Қонақүй нөмірлерінде: унитаз ағызу багының тұтқалары, теледидар пульттері және есік тұтқалары, үстелдер, тоңазытқыштың тұтқалары және төсек үстелдері.

- Қонақүйдің жалпы пайдалану орындары: лифт түймелері, жүк арбаларындағы тұтқалар, ванна бөлмесінің есіктері, тіркеу сөрелері және лифт тұтқалары.

- Әуежайдағы тіркеу залдары: тіркеу терминалдары, тіркеу бағанындағы үстелшелер, багаж бөлімшесіндегі үстелшелер.

- Ұшақтағы орындар: қауіпсіздік белдіктері мен терезе перделерінің тұтқалары, желдету тесіктеріндегі басқару түймелері.

Тәуекелдерді азайтуға көмектесетін қарапайым шаралар бар: орындарды және тұтқаларды дезинфекциялық майлықтармен сүртіп, қолды тазартқышты қолданыңыз немесе қолыңызды жуыңыз.


Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!





Осыған ұқсас мақалалар

Туристерге саяхат кезінде үнемдеудің тиімді жолдары айтылды Туристерге саяхат кезінде үнемдеудің тиімді жолдары айтылды
Әуекомпания қызметкерінің жолаушыны ұрғаны видеоға түсірілді Әуекомпания қызметкерінің жолаушыны ұрғаны видеоға түсірілді
Тағы бір әуекомпания жылдам ұшақтарға тапсырыс берді Тағы бір әуекомпания жылдам ұшақтарға тапсырыс берді