Саяхатта жүріп қашықтан жұмыс істеуге қолайлы елдер аталды

Португалия қашықтықтан жұмыс істеуді саяхатпен біріктіргісі келетіндер үшін 2022 жылдың ең жақсы бағыты деп аталды. Бұл туралы Momondo саяхатты жоспарлауға арналған онлайн-сервисінің зерттеуінен белгілі болды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Сарапшылар елдегі жайлы климатты, қылмыстың төмен деңгейін, ойын-сауықтың үлкен таңдауын, сондай-ақ салыстырмалы түрде төмен бағаларды атап өтті. Тағы бір жақсы жері қашықтан жұмыс істейтіндер Португалияға кіру үшін арнайы виза ала алады.

Еңбек пен демалыс үшін оңтайлы жағдайлары бар мемлекеттердің үздік үштігіне Испания мен Румыния кірді. Топ 10 елдің тізімінде Маврикий, Жапония, Мальта, Коста-Рика, Панама, Чехия және Германия бар.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!