Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Саяхатшыларға жүкті тапсыру кезінде бір қауіп туралы ескертілді


Сарапшылар туристерге жолдарбаның бума қағазына мекенжайды көрсетіп, оны багажға тапсыру қауіпті екенін ескертті. Бұл туралы The Sun газеті жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

"Тұратын жеріңізді көрсетпеңіз. Бұл үйде ешкім қалмағанын білдіреді. Егер сіз өзіңіздің мекенжайыңызды қалдырсаңыз, сіз үйде болмаған кезде тонау ықтималдығы артады", - деп түсіндірді маман.

Мақала авторының айтуынша, өзі туралы ақпарат жазатын жолға саяхатшылар жұмыс мекенжайы мен ұялы телефонын хабарлауы керек.

"Әуежайда барлығы дерлік сіздің сөмкеңіздің жөнелтпе қағазында не жазылғанын көре алады, сондықтан өзіңізді ең қажетті ақпаратпен шектеңіз", - делінген материалда.

Сондай-ақ, саяхатшыларға ұшу алдында жолдорбасын суретке түсіру ұсынылды.

"Егер сіз жүгіңізді жоғалтсаңыз, суретті әуежай қызметкерлеріне жібере аласыз. Егер олар сіздің тіліңізде сөйлемесе де, сіздің сөмкеңізді табу үшін қажет нәрсенің бәрі болады", - дейді мамандар.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!





Осыған ұқсас мақалалар

Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Мысырға аяз келді
Мысырға аяз келді
Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды