Саяхатшыларды таңғалдырған ең қымбат елдер тізімі жарияланды

Squaremouth.com саяхаттауға арналған сақтандырулардың агрегаторы мыңдаған туристтің мәліметін сараптап, 2022 жылы ең қымбат болған бағыттарды анықтады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz.

Бұл елдерде адамдар өзге жерлермен салыстырғанда ақшаны 44 пайызға көбірек жұмсайтын болып шықты. Тіпті бұл бағытқа биелттің құны да орташа 11 000 доллар (5 149 041 теңге) екен.

Реклама
Реклама

Монако

Монакоға саяхаттың орташа құны - 10 247,35 доллар (4 796 730 теңге). Ал жайлы қонақүйде тұру құны 800 доллардай (374 475 теңге) болады.

Орталық Африка Республикасы

Бұл елге сапарлаудың құны 10 651,98 доллар (4 986 135 теңге). Бұл Африкадағы ең кедей елдердің бірі және туризм саласы өте төмен. Ал АҚШ-тың Консультациялық кеңесі бұл бағытты төртінші деңгейдегі қаупі бар бағыт деп есептейді. Бұл ел туризмге арналмағандықтан логистикалық жағынан саяхаттау өте қиын, ал ұйымдастырылған алдын ала төлем пакеттері - бұл елді тамашалудың ең дұрыс (және ең қымбат) жолы.

Кения

Саяхаттың орташа құны: 11 574,77 доллар (5 418 088 теңге). Кенияның туризм индустриясы айтарлықтай дамыған, ал бағалар сафари таңдауда адам санына байланысты болады. Бұл әдетте қалталы және шау тартқан туристерді қызықтыратын ел. Мұнда Африканың жабайы әлемін тамашалғысы келетін адамдар барады.

Маршалл Аралдары

Тынық мұхитының батыс бөлігінде орналасқан аралға ұшып бару бағасы арзан емес. Бұл арал "бәрі ішінде" жүйесіндегі пакеттерімен белгілі, онда ұшып бару, қонақүй немесе курорт құны біре кіреді, сондықтан алдын ала төлемінің өзі қомақты.

Оңтүстік Георгия және Оңтүстік Сандвич араладры

Саяхат бағасы: 12 874,45 доллар (6 026 462 теңге). Атлант мұхитының оңтүстік бөлігінде орналасқан аралдар Британияға қарайды және Антарктидадағы адамдар ең жиі баратын жер. Бұл аумақ оқшау болғандықтан мұнда тек теңіз арқылы келуге болады және арнайы рұқсат қажет. Бұл өлкені тамашалаудың ең көп таралған түрі - круиздік лайнер немесе яхтамен бару, ал бұл арзан емес.

Танзания

Сапарлаудың орташа шығыны: 13 244,88 доллар (6 199 858 теңге). Танзанияда сафари өте қымбат, өйткені мұнда Африканың өзге елдеріне қарағанда ұлттық паркке кіру құны айтарлықтай жоғары. Оның үстіне қонақүй бағалары да удай - бір түні 600-800 доллар.


@pixabay

Антарктида

Сапардың орташа бағасы: 17 730,93 доллар (8 299 754 теңге). Антарктидаға круиздің орташа құны адам басына 8 000 доллар (3 744 758 теңге). Антарктида өте алшақ жер, мұнда саяхаттасаңыз өміріңізде бір-ақ рет баратын боларсыз, сондықтан туроператор таңдауда қателеспегеніңіз жөн.

Ботсвана

Сапар құны орташа: 17 753,80 доллар (8 310 460 теңге). Ботсвана сафари сүйетіндердің арманы, ең танымал және қауіпсіз орын. Бұл елдегі ең үздік кемпингтерінің бір түні орташа 2 000 доллар (936 190 теңге) қаржыны керек етеді.

Конго

Бір адамға саяхаттың орташа құны: 32 420 доллар (15 175 630 теңге). Бұл Орталық Африка Республикасы сияқты туризмге арналмаған ел, өйткені инфрақұрылым жоқтың қасы. Автокөліктер үнемі жөндеуді қажет етеді, ал жанармай құны шарықтап тұр. Салық, қымбат баспана, ұшақ пен қайықпен жүрістің бағасын тағы қосыңыз.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.