Саяхатшылар үшін әлемдегі таңғаларлық заңдар аталды

Көрнекі сурет ©Shutterstock

Туризм саласының мамандары саяхат кезінде демалушылар кездестіруі мүмкін ең таңғаларлық заңдарды атады. Тізімді Тhe Sun басылымы келтіреді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Туризм саласының мамандары саяхат кезінде демалушылар кездестіруі мүмкін ең таңғаларлық заңдарды атады. Тізімді Тhe Sun басылымы келтіреді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Сарапшылар Лондондағы парламент ғимаратына барғысы келетін саяхатшыларға денсаулығы нашар жағдайда экскурсияны кейінге қалдыруды ұсынды.

"Өйткені, парламентте өлу заңсыз", - деп ескертті сарапшылар.

Реклама
Реклама

Ұлыбританияда қолданылатын заңға сәйкес парламентте қайтыс болған адамды мемлекет есебінен жерлеу керек.

Сондай-ақ, авторлар Грекияда Акрополь мен Парфенон сияқты жерлерге биік өкшелі аяқ киіммен баруға тыйым салынғанын айтты.

Испанияда велосипедті жалаңаяқ тебуге, ал Барбадоста белгілі бір киімді киюге рұқсат етілмейді.

"Камуфляж үлгісі бар киім аралда заңсыз болып есептеледі және сізге айыппұл салынуы мүмкін, өйткені камуфляжды тек есірткімен күресетін және әскери қызметкерлер киеді", - деп түсіндірді.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная