Саяхатшылар "көңілін қалдырған" танымал туристік бағыттар туралы айтты

© pixabay.com/MagicTV

Саяхатшылар Дубай, Диснейленд және Ниагара сарқырамасы тәрізді танымал бағыттарға барудан көңілі қалғандарын айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Саяхатшылар Дубай, Диснейленд және Ниагара сарқырамасы тәрізді танымал бағыттарға барудан көңілі қалғандарын айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Nationwide News мәлім еткендей, қазір көптеген турист Дубай өзінің бірегейлігі мен мәдени мұрасын жоғалтқанын растап отыр. Олар Диснейлендтің бағасы тым жоғары екенін, әрі ол жер шамадан тыс көп адамды қабылдайтынын айтады. Бұдан бөлек Ниагара сарқырамасының қазіргі жағдайына қатысты сын көп екенін жасырмайды.

Реклама
Реклама

"Мұнда барудың қажеті шамалы, мәдениеттен жұрдай", "Дубай - мәдениет пен тарихқа қызығушылық танытатындарға арналмаған жер. Бірақ егер сіз раллиге қатысқыңыз келсе, жағажайда демалғанды қаласаңыз немесе футуристік архитектураны ұнатсаңыз, бұл бағыт сізге қызықты болуы мүмкін", - дейді туристер.

Reddit желісінің оқырмандары танымалдылығын "тым асыра сілтеп жіберген" өзге де туристік бағыттар туралы айтты. Олардың қатарында Майами, Египет, Ямайка және Лос-Анджелес тәрізді қалалар бар. Әсіресе, Лос-Анджелес қаласындағы ұзақ кептелістер мен туристік нысандарының бір-бірінен тым алшақ орналасуы туристерді қажытып жіберетінін көрінеді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная