Фото: @hike.sofi Фото: @hike.sofi

Саяхатшы сарқыраманың шетінде селфи түсіремін деп қайтыс болды


Қытайда турист сарқыраманың шетінде селфи жасаймын дегенде тепе-теңдікті жоғалтып қайтыс болды. Бұл туралы Mirror сайты жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы.

Қайғылы жағдай 10 шілдеде Гонконг маңындағы танымал серуендеу орны Ха Пак Лай саябағында болды. 32 жастағы София Чунг достарымен бірге саяхатқа шыққан. Ол Цин Дай өзенінің жанындағы сарқырамада селфи жасағысы келген. Бірақ София тепе-теңдікті жоғалтып, бес метр биіктіктен тоғанға құлайды.

Саяхатшының достары дереу жедел жәрдем бригадасын шақырады. Ауруханада оның қайтыс болғаны белгілі болған.

София Чунг әлеуметтік желілердегі аккаунтын белсенді жүргізген. Ол Instagram-дағы жеке блогында жартастар мен тау шыңдарының шетінде суретке түсіп, жариялап отырған. Оның аккаунтына 30 мыңнан аса адам жазылған. Пікір қалдырушылар оның 8 шілдеде жариялаған соңғы жазбасына көңіл айтып жатыр. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ?SOPHIA CHEUNG? (@hike.sofi)

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!





Осыған ұқсас мақалалар

Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Мысырға аяз келді
Мысырға аяз келді
Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды