Саяхатшы Атлант мұхитында із-түссіз жоғалып кетті

@sarmaluvin

Ұлыбританиялық турист жұмбақ жағдайда Атлант мұхитындағы қайықтан із-түссіз жоғалып кетті. Бұл туралы The Mirror жазды, - деп хабарлайды lenta.ru порталы.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлыбританиялық турист жұмбақ жағдайда Атлант мұхитындағы қайықтан із-түссіз жоғалып кетті. Бұл туралы The Mirror жазды, - деп хабарлайды lenta.ru порталы.

41 жастағы Сарм Хеслоп (Sarm Heslop) сүйіктісімен бірге Кариб теңізіндегі Виргин аралдары аймағында қайықпен серуендеуге аттанған. 8 наурыз, дүйсенбі таңертең жігіт қызының жоғалып кеткенін анықтайды. Ол бұл оқиға туралы бірден АҚШ жағалау күзетіне хабарлаған.

Құтқарушылар қызды төрт күннен бері іздеп жатыр. Сент-Джон аралының айналасындағы су аумағы тексерілді, бірақ Хеслоп табылмады.

Реклама
Реклама

Арал полициясы жергілікті тұрғындардан іздеуге көмектесуді сұрады. Хеслопты соңғы рет 7 наурыз, жексенбіде Сент-Джон жағалауында қайықта көргендер бар.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная