Саяхатқа шыққан қарт турист ұшақта қайтыс болды

Фото: pixabay.com

Қарт турист Испанияға демалысқа шығып, ұшақта жолаушылардың көз алдында жүрегі тоқтап қайтыс болды. Бұл туралы Mirror жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарт турист Испанияға демалысқа шығып, ұшақта жолаушылардың көз алдында жүрегі тоқтап қайтыс болды. Бұл туралы Mirror жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, оқиға 16 шілде, жұма күні Манчестер - Малага рейсінде болған. 84 жастағы жолаушы ұшу кезінде өзін нашар сезінеді. Экипаж мүшелері медициналық білімі бар жолаушылардан ер адамға алғашқы көмек көрсетуді сұраған.

Реклама
Реклама

Жолаушылардың бірі, дәрігер Эмма Гаскелл (Emma Gaskell) оған жасанды тыныс алуға көмектесті, бірақ ол қарияның жүрегі соқпай тұрғанын байқайды. Ұшақ Нант (Франция) әуежайына шұғыл қонғанға дейін экипаждың екі мүшесі мен Гаскелл туристің өмірі үшін күрескен. Олар 25 минут бойы жүрек-өкпе реанимациясын жалғастырып, дефибрилляторды қолданған.

Дегенмен, бортқа көтерілген жедел жәрдем бригадасы жолаушының қайтыс болғанын анықтады. Туристің жанында отбасы, оның ішінде ұлы және немерелері болған.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная