Саяхат кезінде ең жақсы қонақүйді қалай таңдауға болады?

Өзіңіз үшін ең жақсы қонақүйді таңдау қиын емес сияқты көрінеді. Сонымен қатар, қазір ең жақсысын табуға көмектесетін көптеген қызмет түрлері де бар. Бірақ мәселе таңдау қаншалықты көп болса, біреуіне тоқталу соғұрлым қиын болады. Kaztengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге қонақүйдің ең тиімді түрлерін қалай таңдау қажеттігімен бөліседі.

Қонақүйді қайдан іздеген дұрыс?

Басқа елде қонақүй іздеу үшін үш ресурсты таңдауға болады: ресми сайт арқылы Booking.com, Hotels.com, Google's Hotel Finder, Kayak, Agoda.com сияқты брондау жүйелері арқылы немесе мета-іздеу жүйесі арқылы. "Қандай жүйе қонақүйді жақсы таңдайды?" деген сұрақ мұнда туындамауы қажет. Барлық ресурстарды бірден пайдалануға кеңес береміз. Бұл - өзіңізге қолайлы нұсқаны табудың тиімді әдісі. Оңай, әрі жылдам іздеу үшін осы қызметтердің мобильді қосымшаларын қолданған дұрыс. Androidauthority.com сайты ең қолайлы қонақүй іздеу жүйелерін таңдап ұсынды.

Бұл брондау қызметтері туристерді қызықтырып, жеңілдіктер мен акциялар туралы хабарламалар шығарып тұрады. Бірақ, асықпаңыз! Жеңілдікке қызығып, басқа қонақүйлердің артықшылықтарын жіберіп алмас үшін, қонақүйдің ресми сайтындағы немесе басқа қызметтегі ұсыныстарды жан-жақты тексеріп алыңыз. Мүмкін бағасы одан төмен болуы да ғажап емес. Бұл жағдайда акцияны сатып алудың еш пайдасы жоқ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Анжелика Белова (@anbdiamond)

Қонақүйді қай уақытта брондау тиімді?

Бәріне мәлім, ерте брондау әрқашан арзанға түседі. Әр елде белгілі бір уақытқа қонақүй брондау біраз үнемдеуге көмектеседі. Мысалы, Tripadvisor брондау кезеңі ең қолайлы елдердің тізімін жасады. Мысалы, Азия елдерінде сіз бөлмені бес-жеті ай бұрын брондасаңыз, 25 пайызға бағасынан ұта аласыз. Алайда, қонақүйге алдын-ала тапсырыс жасағанда, оны кейін алып тастауға және пандемияға байланысты жаңа шектеулер болған жағдайда ақшаңыз қайтарылатынына көз жеткізіңіз.

Сондай-ақ, көптеген сайттарда "Төмен баға күнтізбесі" шығып тұрады. Сіз күнтізбені ашып, ұсынған бағаларды салыстыра аласыз. Аптаның әр түрлі күндерінде немесе келесі айларда бірдей ұсыныстардың бағасы әр түрлі болуы мүмкін.

Бағасы маңызды ма, әлде тұрған жері ме? Анықтап алыңыз.

Қай жерде орналасқандығы және сіз үшін қаншалықты маңызды екенін алдын-ала анықтап алыңыз: қала орталығында, жағалауға жақын, шулы немесе тыныш жерде. Мүмкін, аялдамаға немесе метро станциясына жақын жерді таңдау жеткілікті шығар? Себебі, қонақүйлер орналасқан жері үшін қосымша ақы алады, ал қызмет көрсету сапасы немесе жайлылығы бағасына сай келмеуі мүмкін.Проверяйте местоположение и окрестности в картах вроде Яндекс карты, Google maps немесе Maps.me, сияқты карталарда орналасқан жеріңізді тексеріп, әдемі көрініс үшін қосымша ақы төлеуге қажтұрарлық па анықтап алған жөн.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Путешествия семьей на (@family_by_car)

Фильтр пайдалану шынымен уақытты үнемдей ме?

Фильтр пайдалану уақытты үнемдеуге көмектеседі. Іздейтін кезде қажетті параметрлерді орнатқаннан кейін, керексіз мәліметтерге уақыт жоғалтпайсыз. Мысалы, тек әуежайға, жағажайға, қала орталығына жақын орналасқан қонақүйлерді ғана іздеуге болады. Мүмкін, сіз үшін қонақүйде үш мезгіл тамақтану маңызды шығар, сізге кондиционер немесе жақсы интернет керек пе? Skyscanner компаниясы фильтрді пайдаланып, арзан қонақүйді қалай іздеу бойынша нұсқаулық жариялады. Іздеу фильтрін әсіресе, нағыз маусым қызған кездерде пайдаланған жөн.

Пікірлер мен рейтинге қаншалықты сенуге болады?

Маркетологтар осынау бір тексерілген әдісті пайдалануды жөн санайды. Бұл рейтингтер ең жақсы қонақүйді анықтауға, сізге нақты не керектігін әрине, біле бермейді. Ал пікірлер болса, одан гөрі пайдалырақ десе болады. Пікірлер әрине, маңызды. Олардың саны мен неғұрлым жаңа жарияланғандары маңызды болып келеді.


© Shutterstock

Қонақүйді таңдадыңыз. Брондауда нені ескерген жөн?

Сонымен, сіз орналасатын жерді таңдап, карталар мен фильтрді пайдаландыңыз, көңіліңізден шыққан бөлмені таптыңыз. Енді оны брондауыңыз керек. Біріншіден, веб-сайтта қате болуы мүмкін екенін есте ұстау керек. Егер ол брондау нөмірін шығарса да, сіздің деректеріңіз қонақүй базасында болмауы мүмкін. Сондықтан веб-сайтта брондағаннан кейін әрдайым қонақүйге қоңырау шалып, көз жеткізген дұрыс.

Екіншіден, брондауды пайдаланудағы электрондық пошта мекенжайына тіркеңіз. Бұл жарнама үшін емес, сізбен байланыс үшін қажет. Қонақүй жағдайдың, бағаның немесе тағы басқа өзгерістер туралы хабарлап тұрады.

Үшіншіден, нақты жоспарлап, уақыт айырмашылығын ескеріңіз. Уақытқа байланысты келеңсіздіктер жиі туындайды. Сонымен қатар, күндерді мұқият қарап шығыңыз. Еуропада оларды "күн-ай-жыл", ал АҚШ-та "ай-күн-жыл" форматында белгілейді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ЕЛЕНА|ТВОЯ АЗБУКА ПУТЕШЕСТВИЙ (@lena_landia)

Неден үнемдеуге болады?

Салық. Салықтардың ережелері мен тізіміне назар аударыңыз. Кейбір брондау жүйелері бағаны салықсыз белгілейді, ал іс жүзінде баға 15-20 пайызға жоғары болады.

Қосымша төлемдер. Кейбір қонақүйлер ескертусіз жағажай сүлгілері, сейф, пошта арқылы жеткізу немесе спортзалға кіру сияқты қызметтер үшін ақы қосады. Сондықтан бағаға нақты не кіретінін сұрап алыңыз. Әдетте бұл кіші әріптермен жазылады.

Телефон немесе Wi-Fi үшін төлемақы. Барлық қонақүйлер арзан Wi-Fi және ел ішінде қоңырау шалуды ұсынады. Алайда, құрылғы үшін ақы төлейтіндігіңізді бәрі бірдей мойындай бермейді. Интернетті қолдануды бастамас бұрын өз бөлмеңізде пайдалану ережелерін оқып танысыңыз.

Балалармен саяхатқа шығар болсаңыз не істеу керек?

Егер сіз балалармен саяхаттар болсаңыз, қонақүй таңдау екі есе қиын болады. Балаларға арналған ойын-сауық бар ма, бөлмелер қауіпсіз бе, қандай тамақ беріледі дегендей, іздеу параметрлері шексіз кете береді. Мұндай жағдайда сізге екі кеңес бере аламыз: біріншіден - қонақүйге тікелей қоңырау шалып нақты біліп алыңыз, екіншіден - беделді басылымдардың рейтингтеріне сүйеніңіз.

Балалардың жасы арзан бөлмелер мен олардың бағаларына әсер ететінін ескеріңіз. 14 жасқа дейінгі балалар ақысыз тұратын қонақүйлер бар, ал 12 жастан бастап ересектермен бірдей төленеді. Кейбір қонақүйлер белгілі бір жасқа толмаған қонақтарды мүлдем қабылдамайды және орналастырудан бас тартуға да құқылы. Әдетте мұндай қонақүйлерді таңдау сайтында "Тек ересектерге арналған" деген жазба болады.


© Shutterstock 

Airbnb. Бұл кімдерге қажет?

Бұл қызмет отбасылық және ірі компанияларға, ұзақ уақыт бойы баспана іздейтін жалғызбасты фрилансерлерге де жарай береді. Ол үшін банк шотыңызда алты нөлі бар сомаңыз болуы қажет емес. Airbnb - бұл әртүрлі қалалардың тұрғындары туристерге арналған бөлме немесе пәтер туралы жарнама беретін сайт.

Сондай-ақ, сіз үй иесімен жақсы достық қарым-қатынас орната алсаңыз, онда қайта жалға алған кезде жеңілдіктер ала аласыз. Ал сайтқа тіркелу кезінде жаңа аккаунтқа 20 доллар жеңілдік беріледі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Межкультурные Переговоры?? (@tatjana_kniazeva)

Коронавирус дәуірінде нені ескерген жөн?

Коронавирус дәуірінде барлық қонақүйлер қатаң санитарлық стандарттар мен хаттамаларды ұстанады. Олардың қайсысы коронавирус дәуірінде тиімді жұмыс істеуге үйренді, оны Nerdwallet қаржы компаниясы жасаған рейтингтен біле аласыз.

Сонымен қатар, Washington Post газеті сақтықты жоғалтпауға және жаңа төсекке жайғаспас бұрын бөлмені дезинфекциялауды ұмытпауға кеңес береді. Travelandleisure.com пандемия кезінде қауіпсіз қонақүй таңдаудың 10 ережесі туралы айтады. Кеңестердің бірі - қонақүй қызметкерлерінің ішінде медицина маманы бар-жоғын немесе жақын жердегі зертханалар мен ауруханалар туралы ақпаратты алдын-ала біліп алу.

Біз коронавирус пандемиясы жақын арада аяқталып, саяхатқа жол ашылады деген үміттеміз.

Aviata.kz саяхаттауда жауапкершілік маңызды екенін еске салады. Табиғатқа ұқыптылықпен қарайық, балаларымыз тәлім алар табиғат болсын, ал біз ертең қайта оралар жер болуы қажет. Табиғаттың "бізден кейін" қандай болатындығы біздің қолымызда.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.