Сауд Арабиясында Парсы шығанағындағы мұнай платформасында ойын-сауық саябағының құрылғаны туралы жарияланды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Сауд Арабиясының егеменді қорының (PIF) сайтына сілтеме жасап.
Кешен ауданы 150 мың шаршы метрден асады деп күтілуде. Оған үш қонақүй, мейрамхана, тікұшақ алаңы және ойын-сауық саябағы кіреді. Туристерге көптеген ойын-сауық, соның ішінде экстремалды спорт түрлері қолжетімді болады.
PIF мәліметінше, жоба қоршаған ортаны қорғаудың барлық талабына сәйкес келеді. Сондай-ақ, кешен аумағында жаңартылатын энергия көздері бар инфрақұрылым жұмыс істейтін болады.
Теңіз бұрғылау платформасындағы туристік жоба туристерді тарту үшін бірқатар инновациялық жобаны іске асыру мақсатында Сауд Арабиясының 2021-2025 жылдарға арналған стратегиясы аясында әзірленді.
Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!