Сауд Арабиясы "Expo 2030-ға" арналған арнайы визаны іске қосатын болды. Аталған құжат Дүниежүзілік көрмеге баратын туристердің жолын жеңілдетеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі VisaGuide.World сайтына сілтеме жасап.
Сондай-ақ ел Үкіметі астанасы Эр-Риядты көрме алаңына айналдыру мақсатында 8 миллиард долларға жуық қаражат салатынын мәлімдеді. Шаһардың 6,6 шаршы шақырымды қамтитын бөлігі көрме өткізуге берілетіні белгілі болды.
2030 жылы Эр-Риядтағы дүниежүзілік көрмеге алты ай ішінде 40 миллион қонақ келеді деп жоспарланып отыр. Оның ішінде ауқымды іс-шараға жергілікті және халықаралық қатысушыларды қоса алғанда, көрмеге қайта келушілер де тартылады.
Айта кетейік, Дүниежүзілік көрмемен қатар, Сауд Арабиясы 2029 жылы Азия қысқы ойындарын өткізуге дайындалып жатыр.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!