Сауд Арабиясы мен Малайзия туристерге кіруді жеңілдетті

Малайзия ©Shutterstock

Малайзия мен Сауд Арабиясының билігі шетелдік туристердің кіру ережелерін жеңілдететінін мәлімдеді. Ең алдымен, жеңілдік саяхатшылар келген кездегі карантинге әсер етті, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Малайзия мен Сауд Арабиясының билігі шетелдік туристердің кіру ережелерін жеңілдететінін мәлімдеді. Ең алдымен, жеңілдік саяхатшылар келген кездегі карантинге әсер етті, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Сауд Арабиясы

Реклама
Реклама

Saudi Gazette мәліметінше, Сауд Арабиясы елдегі соңғы шектеулерді, соның ішінде әлеуметтік қашықтық сақтауды және ашық ауада бетперде киюді алып тастады.

Сауд Арабиясы © Shutterstock

Патшалыққа келгеннен кейін вакцина алған шетелдік туристерден енді міндетті карантин талап етілмейді. Сондай-ақ, саяхатшылар келу кезінде ПТР-тестін қайта тапсырудың қажеті жоқ. Елде "Спутник V", Pfizer, Sinopharm (Vero Cell), Sinovac (CoronaVac) вакциналары мойындалған. АТОР мәліметінше, вакцина алмаған саяхатшылар Сауд Арабиясына ұшып келе алады, бірақ олар өз есебінен бес күндік карантиннен өтуі керек. Сапардың бұл нұсқасын ұшатын әуекомпания арқылы ұшуға дейін 72 сағаттан кешіктірмей брондауға болады.

Малайзия

Малайзия премьер-министрі Исмаил Сабри Якобтың айтуынша, ел 1 сәуірден бастап вакцина алған шетелдіктер үшін шекараны ашады. Бұл шешім вакцинаның жоғары деңгейімен және коронавируспен ауыратын науқастардың аздығымен байланысты болды. Сондай-ақ, елде аурудың ауыр жағдайларының саны аз.

1 сәуірден бастап толық вакцина алған туристерге Малайзияға кіргеннен кейін карантин қажет болмайды. Бірақ сапардан екі күн бұрын олар ПТР-тест тапсырып, келгеннен кейін 24 сағат ішінде қайта тексеруден өтуі керек. Елде Pfizer, Sinopharm (Vero Cell), Sinovac (CoronaVac) вакциналары мақұлданған. Сондай-ақ, ұшып шыққанға дейін My Travel Рass платформасында өтінім берудің қажеті жоқ. Қоғамдық орындарда маска тағу міндетті. Шетелдіктер елде Мy Sejahtera арнайы мобильді қосымшасын жүктеп, қолдануы керек.

Малайзиядағы ішкі ережелер де өзгеріп жатыр: жұмыс уақыты мен кәсіпорындардың сыйымдылығы, бұқаралық іс-шаралар үшін қалған барлық шектеу алынып тасталады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная