Сауд Арабиясы жаңа бастамаға 3 миллиард доллар жұмсайды

Сауд Арабиясы Асир өңірінде Soudah Development Company (SDC) тау туризмін дамыту бастамасын көтерді, оның іске асуына шамамен үш миллиард доллар жұмсалады, -деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Travel Daily Media басылымына сілтеме жасап. 

Инфрақұрылымдық нысандардың құрылысына 11 миллиард сауд риалы (шамамен бір триллион 245 миллиард 171 миллион теңге) бөлінеді. 2 700 қонақүй бөлмесі, 1 300 тұрғын үй және 30 ойын-сауық және сауда орталықтары салынады.

Осы аймаққа жыл сайын екі миллионға жуық турист келеді деп жоспарланады. Алдағы он жыл ішінде сегіз мың адамды жұмыспен қамту мүмкіндігі туады. Туристік орын 2030 жылға қарай әмірліктің жалпы ішкі өніміне сегіз миллиард доллар қосады.