Сарапшылар ұшақта қандай жолаушылар көпшіліктің ашуын туғызатынын айтты

Сіз "кіре берістегі биттер" немесе "тамақ жегенде кедергі келтіретіндер" туралы естідіңіз бе? Сіз ұшақта мұндай жолаушылардың кем дегенде біреуін кездестірген боларсыз. Сарапшы көпшілікке ұшақта қандай саяхатшылар ұнамайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Dailymail сайтына сілтеме жасап.

Ұлыбританияның ThePointsGuy UK туристік порталының басшысы, саяхатшы Ники Келвин TikTok аккаунтында "ұшақтар әлеміндегі" бақылауын бөлісті және кейбір авиаэтикет ережелері туралы айтты.

"Кіре берістегі бит" - бұл олардың рейсі болмаса да, ұшаққа отырғызу үшін кезекте тұрған жолаушылар. Айғай-шу мен хаос тудырады.

"Терезе күзетшісі" - бәрі ұйықтауға тырысқанда, терезенің пердесін жабудан бас тартатын адам.

"Тамақтануға кедергі келтіретін" - экипаж салон арқылы тамақ және сусын арбасымен жүргенде шұғыл дәретханаға барғысы келетін жолаушы.

"Сіздің орындығыңыздың тұрғыны" - артқы жақта отырған жолаушы, ол ұйықтап жатқанда аяғын сіздің орындығыңыздағы шынтақ қоятын жерге қояды.

"Жүк алаяқтары" - қол жүгін ұшақтың алдыңғы орындықтарының жоғарғы сөрелерінде қалдыратын жолаушылар. Олар жүгін салонның артқы жағына сүйреп жүруге ерінеді.

"Орын ауыстырғыштар" - терезенің жанында немесе аяқты созып отыратын ыңғайлы орын үшін алдын ала қосымша ақы төлеген орныңызды сұрайтын жолаушылар. Дөрекілігі сонша сіздің арнайы осы орын үшін ақы төлегеніңізге мән бермейтін адам.

"Ерте құс" - ұшақ қонған секундта, тіпті асығыс болмаса да, орнынан тұратын шыдамсыз жолаушылар.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.