Сарапшылар сәнді демалыс үшін қолжетімді 30 орынды атады

"Кек алу саяхаты" - коронавирустың ұзақ шектеулерінен кейін сапарға шығуды білдіретін құбылыс. Кейбір турист жоғары сапалы қызметтерді алғысы келеді. Олар үшін сарапшылар 30 қаланың "бюджет бойынша сән-салтанат" рейтингін жасады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі TravelPulse сайтына сілтеме жасап.

Рейтинг жасалған кезде мына қызметтердің орташа құны ескерілді: бес жұлдызды қонақүйде тұру, Мишелин жұлдызымен белгіленген мейрамханада түскі ас, сәнді көлікті жалға алу және спа-қонақүйде бір түн.

Мамандардың айтуынша, Бангкок қолжетімді сәнді бағыттар рейтингінде бірінші орынды 10-нан 9,49 ұпайымен алды. Таиланд астанасы сәнді автомобильдерді жалдау құны бойынша ең арзан болып шықты - 48 фунт стерлинг (шамамен 25 600 теңге). Қала басқа үш санат бойынша бюджеттік болып саналады.

Брюссель барлық параметр бойынша қолжетімді бағыт ретінде, әсіресе, бес жұлдызды қонақүйде тұру құнын (бір түнге 154 мың теңге) және сәнді автокөлікті жалға алуды (64 мың теңге) қараған кезде екінші орынды иеленді. Бельгия астанасы өзінің ерекше шоколадымен, сырасымен және көптеген мәдени орталығымен танымал.

Италияның Венето аймағының солтүстік бөлігінде орналасқан Верона сәнді демалыс үшін арзан қонақүйлердің ішінде үшінші болды. Жалпы бағасы - 7,68. Ромео мен Джульеттаның отаны тарихи сәулетімен, жергілікті мәдениетімен және гастрономиясымен қуантады.

Рейтингтің ондығына Осака (Жапония), Берлин (Германия), Рио-де-Жанейро (Бразилия) және Лиссабон (Португалия) кірді.

Әлемнің басқа танымал қалалары, сонымен қатар критерийлердің біреуі бойынша сәнді саяхаттар үшін әлемдегі қолжетімді бағыттардың бірі ретінде танылды. Мысалы, Афина (Греция) Мишелин жұлдыздарымен белгіленген мейрамханалар тұрғысынан қолжетімді қала болды. Мұнда кешенді кешкі астың орташа құны шамамен 104 долларды (44 мың теңге) құрайды.

Гонконг бес жұлдызды орналастыру тұрғысынан бір түнге орташа бағасы 292 доллармен (124 мың теңге) қолжетімді болып шықты. Сонымен қатар, егер сіз спа-демалысты іздесеңіз, ең арзан таңдау - Осакада. Онда спа-қонақүйде бір түннің құны орташа есеппен 178 долларды құрайды (шамамен 76 мың теңге).

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!