Сарапшылар қонақүй қызметкерлерінің жұмысына қатысты болжам жасады

COVID-19 салдарынан кірістердің құлдырауынан кейін қонақүйлер қонақтарға қызмет көрсетуді қысқартып, қызметкерлерді жұмыстан шығарды және автоматтандыруға көшіп жатыр. Сарапшылар жұмыстан босатылған қызметкерлерінің жұмысқа оралуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі 4hoteliers сайтына сілтеме жасап.

Hilton президенті және бас директоры Крис Насетта пандемия кезінде қысқартылған қызметтер, ең алдымен, адам еңбегін қажет ететін қызметтер қайтарылмауы мүмкін деген болжам жасады.

"Қазір біздің брендтеріміздің әрқайсы үшін жасайтын жұмысымыз - оларды тиімдірек ету және еңбек тиімділігін арттыру, әсіресе үй шаруашылығы, тамақ және сусындар, сондай-ақ басқа салаларда. Біз дағдарыстан шыққан кезде, бұл кәсіпорындар тиімдірек жұмыс істеді және COVID-19-ға дейінгі жағдайға қарағанда аз жұмыс талап етті", - деді ол жақында инвесторлармен сөйлескен кезде.

Ірі қонақүй желілері автоматтандырылған өнімдер мен қызметтерге көбірек сене бастады. Автоматтандыруды қолдану бүкіл әлемде айтарлықтай өсті - Alibaba Future Hotel тобынан Marriott тобына дейін ұлғайды. Қазір қонақүйлерде консьерж роботтары, автоматтандырылған бөлме қызметтері және тазалау бойынша көмекшілер бар. Сондай-ақ, ультрафиолет сәулелерімен тазарту жүйелері бар роботтарға ауысатын және ақылды құрылғыларды қолданатын қонақүйлер (Internet of Things-IoT) кездеседі.

Қонақүйге кіру және шығуды автоматтандырылған тіркеудің арқасында қонақтар үшін байланыс нүктелері азайды. АҚШ-та жақында іске қосылған Marriott пилоттық бағдарламасы қонақтарды үш қарапайым қадаммен тіркейтін байланыссыз келу терминалын қамтиды. Бағдарлама арқылы қонақтарға таңғы асты машинамен ұсынуға болады.

АҚШ пен Ұлыбританияда сертификаттары және туризм индустриясында 40 жылдық тәжірибесі бар қонақүй әкімшісі Рама Гуптаның айтуынша, қонақүйлер біраз уақыттан бері автоматтандырылған қызметтерді енгізіп келеді және олар жұмыс күшіне деген қажеттілікті азайтуға көмектесті.

Сонымен бірге, ол бәсекеге қабілетті туризм нарығы бұған жол бермеуі мүмкін екенін атап өтті. Мысалы, Үндістанда тек ірі қонақүйлер автомат жүйелермен жабдықталған, сондай-ақ бәрі бірдей жаңа заттарды орнатуға дайын емес. Осылайша, кейбір қонақүй дағдарыстан кейін қайтадан жұмыс күшін жалдай бастайды деп күтуге болады.

Гупта Раманың болжамынша, қызметтер мен қызметкерлер санының қысқаруы тұрақты болмайды.

"Қонақүйлер қандай да бір жолмен қабылдайтын кез келген шешім қонақтарға әсер етеді. Демек, түпкілікті шешімді қонақтар шығарады", - дейді ол.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!