Сарапшылар: әуежайларда ковид-төлқұжаты бар туристерге "жасыл дәліздер" ашылуы мүмкін

© Shutterstock

Цифрлық төлқұжаты бар жолаушыларға арналған жасыл дәліздер ірі халықаралық әуежайларда пайда болуы мүмкін. Бұл ұсыныс баспасөз конференциясында айтылды, оның барысында сарапшылар авиация саласы мен туризм үшін дағдарыстан шығу жолдарын талқылады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Tourdom басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Цифрлық төлқұжаты бар жолаушыларға арналған жасыл дәліздер ірі халықаралық әуежайларда пайда болуы мүмкін. Бұл ұсыныс баспасөз конференциясында айтылды, оның барысында сарапшылар авиация саласы мен туризм үшін дағдарыстан шығу жолдарын талқылады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Tourdom басылымына сілтеме жасап.

Жасыл дәліздер коронавирус вакцина салынғанын немесе ПТР-тест нәтижелерін растайтын цифрлық төлқұжаты бар жолаушыларға қолжетімді болады. Бұл туралы Ресей мен Шығыс Еуропадағы ең ірі әлемдік Amadeus тарату жүйелерінің бірінің бас директоры Леонид Мармер айтты.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, спикер мұндай шара төлқұжаттық бақылаудан өту үдерісін жеделдетіп қана қоймай, сонымен бірге жолаушылардың саяхат қауіпсіздігіне деген сенімін қалпына келтіретіндігін атап өтті. Шынында да, статистикаға сәйкес, Amadeus жүргізген сауалнамаға қатысқан 6000 қатысушының 95 пайызы жолда ауырып қалудан немесе оқшаулануға мәжбүр болудан қорқады.

Сонымен қатар, баспасөз конференциясында вакцинация халықаралық рейстердің шарты ретінде салынбауы керектігі баса айтылды. ПТР тестілеу, вакцинация туралы куәлік, адамның ауырғаны туралы анықтамалар - цифрлық төлқұжатта барлығы ескерілуі қажет.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная