Сарапшылар 2024 жылы зейнетке шығуға ең қолайлы жерді атады

© pixabay.com/un-perfekt

International Living 2024 жылғы зейнетақымен қамтамасыз етудің жылдық индексін жариялады. Бұл индекс түрлі елдердегі адамдардың өмірінде болған шынайы оқиғаларын және сауалнама нәтижелерін қамтыған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

International Living 2024 жылғы зейнетақымен қамтамасыз етудің жылдық индексін жариялады. Бұл индекс түрлі елдердегі адамдардың өмірінде болған шынайы оқиғаларын және сауалнама нәтижелерін қамтыған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Travel + Leisure атап өткендей, International Living Коста-Риканы 2024 жылы зейнетке шығуға ең қолайлы жер деп атады. Бұл ел өзінің климаттық жағдайымен, әдемі жағажайларымен, көктемдегідей тұрақты ауа райымен, сонымен қатар бай биоалуантүрлілігімен және сарқырамаларымен таңғалдырады. Коста-Рика өзінің климаты үшін ғана емес, сондай-ақ ел тұрғындарына қолжетімді екі Денсаулық сақтау жүйесінің арқасында алдыңғы орынға шықты.

Тізімдегі екінші орынды Португалия еншіледі. Оның "үздіктер" тізіміне енуіне - денсаулық сақтау жүйесінің қонымды болуы, визаның қолжетімділігі және қыс мезгілінің жайлылығы себепші болды.

Реклама
Реклама

Үшінші орынға Мексика тұрақтады. Сарапшылар бұл елде өмір сүру шығындары салыстырмалы түрде аз екенін атап өтті.

Ал Панама климатына, денсаулық сақтау жүйесіне және салықтарының төмен болуына байланысты төртінші орынға ие болды.

Бұл тізімді тартымды визаларымен, қоңыржай климатымен және көптеген көрікті мәдени жерімен көзге түскен Испания тәмамдайды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная