Санкт-Петербургтен келген сноубордшылар көшкінінің түсуіне себеп болды

Қабарда-Балқар Республикасы бойынша ТЖМ мәліметінше, 15 наурызда сағат 16-17 аралығында Чегет тауында қар көшкіні құлағаннан кейін құтқару жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Tourweek.ru басылымына сілтеме жасап.

Қабарда-Балқар Республикасы бойынша Ресей ТЖМ Бас басқармасы Дағдарыс жағдайларын басқару басқармасының пультіне қар көшкіні және сноубордпен жүргенде қиын жағдайға тап болған туристер туралы ақпарат түскен. Туристердің біреуі аяғын жарақаттаған. Оған шұғыл көмек керек болған.

Сноубордшылар сырғанау үшін арнайы дайындалған және белгіленіп қойған трассадан шығып кеткен. Салдарынан қар көшкіні жүрген.

Қардың күтпеген жерден түсуіне қарамастан, бірде-бір турист көшкіннің астында қалмаған.

Тек 1988 жылғы сноубордшы жарақат алған. Оны Ресей ТЖМ Эльбрус биік таулы Іздеу-құтқару отрядының құтқарушылары тауып алып, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды.