Сан-Францискодағы кремний алқабында бір күнде нені тамашалауға болады?

© Shutterstock

Кремний алқабы - инновациялар мекені, өршіл адамдар мұнда өмір сүру мен жұмыс істеуді армандайтын жер. Бұл атау қазіргі заманғы жоғары технологиялық өмірдің негізін қалаған жартылай өткізгіш кремний өнеркәсібінен шыққан. Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі саяхатшылардың инновациялар атмосферасынан қандай әсер алатыны және Кремний алқабына саяхаттан қандай пайдалы мәлімет алуға болатыны жайлы баяндайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Кремний алқабы - инновациялар мекені, өршіл адамдар мұнда өмір сүру мен жұмыс істеуді армандайтын жер. Бұл атау қазіргі заманғы жоғары технологиялық өмірдің негізін қалаған жартылай өткізгіш кремний өнеркәсібінен шыққан. Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі саяхатшылардың инновациялар атмосферасынан қандай әсер алатыны және Кремний алқабына саяхаттан қандай пайдалы мәлімет алуға болатыны жайлы баяндайды.

Географиялық тұрғыда, Кремний алқабы анық белгіленбеген. Атап айтқанда, Калифорния штатындағы Сан-Франциско метрополитенінің оңтүстік-батыс бөлігін қамтиды. Компьютерлер мен олардың құрамдас бөліктерін, әсіресе микропроцессорларды, сондай-ақ, бағдарламалық қамтамасыз етуді, мобильді құрылғыларды, биотехнологияларды және т.б. әзірлеумен және өндірумен айналысатын жоғары технологиялық компаниялар шоғырланған. Мұнда жетекші университеттер, ірі қалалар, қаржыландыру көздері мен Жерорта теңізі типіндегі климат технологиялық орталық үшін тамаша жағдай болып табылады.


© Shutterstock

Реклама
Реклама

Біз Кремний алқабының басты көрікті жерлерін, соның ішінде тегін турларға шығудың әртүрлі мүмкіндіктері жайлы баяндаймыз.

Из Сан-Франциско: Silicon Valley техникалық туры

Бұл бір күндік тур Google, Facebook, Apple, Uber және Twitter кеңселеріне баруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, оған Маунтин-Вьюдегі Компьютер тарихы мұражайына бару да кіреді. Биоотынмен жүретін автобуста туристерді кәсіби гид алып жүреді. Турда саяхатшылар Кремний алқабының өткені мен болашағынан хабардар болып, ең танымал стартап жобалардың тарихымен танысады. Компьютер тарихы мұражайында сіз алғашқы мегакомпьютерлерді көре аласыз, сонымен қатар ойын әлемінің классикасында ойнауға болады. Мысалы, әйгілі Pac Man. Мұражайда барлығы 19 галерея және 1000-нан астам ерекше экспонаттар бар.


Компьютер тарихы музейі. Dzou / CC BY-SA (https://creativecommons.org/licenses/by-sa/3.0/)

Экскурсияға Стэнфорд университетінің кампусында берілетін түскі ас кіреді. Бұл Кремний алқабының көптеген технологиялық алпауыттарын дүниеге әкелген жер. Түлектер арасында Google негізін қалаушы Сергей Брин, Hewlett-Packard, Cisco Systems негізін қалаушылар және Instagram, Snapchat, Yahoo!, Netflix, NVidia және Electronic Arts негізін қалаушылар да бар. Тур құны 129 доллардан (55 400 теңге) басталады.

"Кремний алқабының аңыздары" туры

Тур құны 475 доллар (204 мың теңге). Бұл ақшаға саяхатшылар Googleplex-ке (Google-дың бас кеңсесіне) барады, Tesla Model X көлігін, сондай-ақ, Oculus Rift және Microsoft Hololens-ті сынап көреді. Сонымен қатар, Intel мұражайы мен Стэнфорд университетінің кампусына бару қарастырылған. Сала басшыларының өкілдерімен тікелей эфирде кездесуге мүмкіндік бар.


© Shutterstock

Бұл турға Стэнфорд университетінің кампусына бару да кіреді. Сонымен қатар, туристер осы тур барысында компанияның негізін қалаушылар іздеу жүйесін орналастырған алғашқы Google компьютерін көре алады. Айтпақшы, ол Lego-дан құрастырылған.


Сурет infolab.stanford.edu сайтынан

Келесі аялдама - Tesla дүкені. Мұнда сіз Tesla Model X-ті жүргізе аласыз, сонымен қатар, автопилот қызметін тексеруге болады. Осыдан кейін сізге Oculus Rift көмегімен виртуалды шындыққа енуге рұқсат беріледі. Бұдан соң туристер Тим Дрейпер университетіне барады. Оны Hotmail және Skype сияқты компанияларды ашуға көмектескен аңызға айналған венчурлық капиталист жасаған. Экскурсия аясында сіз стартаптар лагерін тамашалай аласыз және университеттің бизнес бағдарламасымен танысасыз.


Tesla Model X. © Shutterstock

Тур ерекшелігі Googleplex (Google-дың бас кеңсесі) және Apple ғарыш кампусында туристерге қалың жұртшылық үшін қолжетімсіз орындарды көрсетуіне негізделген.

Қызық дерек

Apple компаниясының жаңа кеңсесі компанияға 5 миллиард долларға түсті. Оның бүкіл төбесі күн батареяларымен жабылған, қабырғаларына төрт қабатты терезелер орнатылған. Ғимаратта 12 мың адам жұмыс істейді. Оларға арналған 1000 орындық театр да бар.


Автор: Daniel L. Lu (user:dllu) - собственная работа, CC BY-SA 4.0, https://commons.wikimedia.org/w/index.php?curid=69553418

Жол талғамайтын көлікті жалға алу құны 700 доллардан (шамамен 300 000 теңге) тұратын кезекті тур аясында саяхатшылар Эймстің NASA зерттеу орталығына барады. Бастапқыда орталық жел туннельінде эксперименттер жүргізу және әуе винттік ұшақтарының аэродинамикасын зерттеуді жоспарлады, бірақ кейінірек қызмет саласы кеңейді: ол аэронавтика, ғарыштық ұшулар және ақпараттық технологиялар бойынша зерттеулер мен технологиялармен айналысады. Орталық NASA-ның көптеген маңызды шараларына қатысты, ол астробиология, шағын ғарыш аппараттары, Айды роботтық зерттеу, Constellation бағдарламасына арналған технологиялар бойынша көшбасшы болып табылады; өмір сүруге болатын ғаламшарды іздеуде; суперкомпьютерлер; смарт және бейімделгіш жүйелер; термиялық қорғаныс; әуе астрономиясы.


Oleg Alexandrov / CC BY-SA (https://creativecommons.org/licenses/by-sa/3.0)

Саяхатты ұйымдастырушылар туристерге баратын жерлерді өздері таңдауды ұсынады. Ең танымал комбинация - Компьютер тарихы мұражайы, Стэнфорд университеті және Intel мұражайы. NASA және Пало Альто (Марк Цукерберг тұратын жер) сияқты басқа орындар уақыттың қолжетімділігіне байланысты.


© Shutterstock

Екінші нұсқа танымал орындарды да қамтиды және "компьютерлік" аттракциондарда сауда жасау үшін Санта Роу сауда орталығына баруды ұсынады. Сонымен қатар мистикалық Винчестер үйіне экскурсия да қарастырылған. Бұл қорқынышты сарайды 1884 жылы атақты мылтықты ойлап тапқан Оливер Винчестердің ұлы Уильям Винчестердің жесірі Сара Винчестер салған. Аңыз бойынша, оның марқұм күйеуінің рухымен сөйлескен көріпкел Алан Кунс оған Винчестер винтовкасынан қаза болғандардың қарғысынан қорғанатын арнайы үй салуды ұсынған екен.


Фото commons.wikimedia.org

Әйел миллиондаған доллар байлығын осы ғимараттың құрылысына салған. Үйдің биіктігі жеті қабатқа дейін жеткен, бірақ оның үшеуі жер сілкінісі кезінде құлап қалған. Қазір үй төрт қабаттан тұрады. Мұндағы баспалдақтар төмен, олар ешқайда апармайтын тар дәліздерден тұрады, ал көптеген қабырғаларда құпия терезелер бар. Сонымен қатар, барлық саты 13 баспалдақтан тұрады, ал көп бөлмелерде 13 терезе бар. Бірақ бұл жаңашылдықты үйдің келесі иесі Джон Браун жасапты, ол осында экскурсия өткізіп бастаған және үй туралы кейбір аңыздарды ойдан шығарған екен.


© Shutterstock

Тур аясында Apple бастаған Стив Джобстың гаражына және жоғарыда аталған басқа жерлерге баруға болады. Гараж 2066 Крайст Драйв, Лос-Альтос мекенжайында орналасқан. Бұл жас инженер Apple компаниясының алғашқы компьютерлерін жасаған Стив Джобс отбасының үйі. Бұл үйді тарихи ескерткішке айналдыру жоспарлануда. 1976 жылы Apple гараждан Купертинодағы кеңсеге көшті.


Mathieu Thouvenin / CC BY-SA (https://creativecommons.org/licenses/by-sa/2.0)

Турдың үшінші нұсқасы - бір күнде барлық орындарды аралап шығу. Әр жерде бір сағат аялдаудың орнына, 15-25 минут қана жұмсауға болады. Осылайша туристер Facebook, Googleplex, Intel, Apple, Palo Alto, Стэнфорд университеті, Эймстің NASA зерттеу орталығы, Моффетт Филд тарихи мұражайы, Tesla компанияларына бара алады. Сондай-ақ, Винчестер Үйіне қосымша тур ұсынылады. Сонымен қатар, Сан-Хоседе Стив Джобс пен HP гараждарының жанында қосымша аялдамалар бар. Қаласаңыз, кез келген жерде көбірек уақыт өткізе аласыз.


Иллюстративное © Shutterstock

Өз бетіңізше саяхат

Кремний алқабын зерттеу үшін гидтерге ақша төлеудің қажеті жоқ. Freetoursbyfoot.com тегін туристік нұсқаулық құрастырды. Оған 12 аялдама кіреді. Интерактивті картаны мына жерден табуға болады.

1 аялдама - Хакбрайт академиясы
683 Sutter St, Сан-Франциско

Юнион-скверден бірнеше блокта орналасқан бұл аймақтағы ең үлкен компьютерлік бағдарламалау академиясы, ол әйелдерге арналған. Оның мақсаты - инженерлік-техникалық қызметтегі әйелдердің үлесін арттыру.

2 аялдама - Twitter штабы
1355 Market St, Сан-Франциско

Twitter стереотипті бұзған алғашқы компаниялардың бірі болды. Олар өз кеңселерін алқапта емес, дәл Сан-Франциско қаласының орталығында ашты. Twitter кеңселеріне кіре алмасаңыз да, кем дегенде осы жерден өтіп, ғимараттағы "құсты" тамашалай аласыз.

3-аялдама - Facebook Like белгісі
1 Hacker Way, Менло Парк

Facebook бірден Гарвард университетіндегі жалпы мектептік желіден күн сайын миллиардтан астам адамы бар ғаламшардағы әйгілі әлеуметтік желіге айналды. Кремний алқабында саяхаттау кезінде әлемдегі ең ірі интернет-компаниялардың біріне бармай кету қиын, әрине. Сондықтан сізге бірнеше минут уақытыңызды бөліп, олардың Менло саябағындағы кеңселеріне барып, әйгілі Facebook Like белгісімен селфи жасауды ұсынамыз.

4 аялдама - Hewlett Packard гаражы
367 Addison Ave, Пало-Альто

Кейбіреулер Кремний алқабы осы жерде, осы кішкентай ағаш гаражда пайда болған деп санайды. Уильям Хьюлетт пен Дэвид Паккардтың ортақ 538 доллары болды және оны Hewlett Packard-ды құру үшін пайдаланған.

Қызық дерек

Компанияның атауы тиын лақтыру жолымен таңдалған; егер тиын кері жағымен түссе, компания керісінше - Packard Hewlett деп аталады.

Компанияны іске қосқан олардың алғашқы өнімі дыбыс генераторы болды, оны олар Уолт Дисней компаниясына сатып, "Фэнтези" фильмінде қолданды. Тапқан ақшасына олар табысты және бүгінгі күні белгілі компанияны құрды, мұнда компьютер, принтер және басқа да кеңсе жабдықтары бар. Бұл шағын гараж қазір Калифорнияның тарихи ескерткіші болып табылады.


© Shutterstock

5 аялдама - Стэнфорд университеті
450 Serra Mall, Стэнфорд

Кремний алқабында жаңа стартаптардың пайда болуын таашалаудың басты себебінің бірі - олардың үнемі жаңа инженерлермен толығып оытруы. Осы жаңа инженерлер қайдан келді, деп сұрайсыз ба? Ең алдымен, сіз әлемдегі ең жақсы университеттердің бірі - Стэнфорд университетіне баруыңыз керек.

Сіз бір күн Стэнфорд кампусында өткізе аласыз, бірақ әзірге көлігіңізді Галвез авенюсының келушілер орталығына қойыңыз. Ол жерден академиялық қалашыққа жаяу 15 минут жүру қажет. (кампус жылдам серуендеу үшін тым үлкен). Алдымен сіз Гувер мұнарасын, керемет мемориалдық шіркеу және Хьюлетт, Паккард және Билл Гейтс ғимараттары бар инженерлік ауданды тамашалай аласыз.


© Shutterstock

6-аялдама - Buck’s of Woodside мейрамханасы
3062 Woodside Rd, Вудсайд

Сонымен, Кремний алқабындағы турдың ұзақ бірінші жартысынан кейін аздап жүрек жалғап алуыңыз қажет. Неліктен ең танымал мейрамханалардың біріне бармасқа? Бұл мейрамхананың өзі - мұражай. Бірақ бұл жердің тарихы бүгінгі күнге дейін жалғасуда! Венчурлық капиталистер осы мейрамханада стартаптардың негізін қалаушылармен үнемі кездесіп тұрады және Paypal, Tesla Motors, Netscape және Hotmail қатысуымен алғашқы іскерлік кездесулер дәл осы мейрамханада өтті. Ал мұндағы тағамдар да ерекше дәмді! (үй шелпегіне салынған ұсақталған сиыр етін такосының дәмін татып көріңіз).

7 аялдама - Никола Тесла мүсіні
260 Sheridan Ave, Пало-Альто

Никола Тесла - өз заманындағы ұлы өнертапқыштар мен инноваторлардың бірі. Ол әсіресе электр және сымсыз байланыс ғылымына қосқан үлесі үшін танымал болды. Жақында Tesla жанкүйері Пало-Альтода Tesla мүсінін тұрғызу үшін Kickstarter науқанын бастады. Жоба өте жылдам қаржыландырылып, мүсін жеке қайырымдылықпен салынды. Енді осы керемет адамға арналған ескерткіш американдық инновацияның жүрегі Пало Альтоның қақ ортасында тұр. Тесла сымсыз қосылуда көп жұмыс істегендіктен, оның мүсіні тегін Wi-Fi қосылу нүктесі ретінде жұмыс істейді.

8 аялдама - Android мүсіндер бағы
070 Landings Dr, Mountain View

iPhone смартфондар нарығында көш бастап тұрса да, Google компаниясының Android телефондары бүкіл әлем бойынша миллиондаған пайдаланушылар тұтынатыны белгілі. Таңқаларлық философияға сүйене отырып, компания әрқашан жаңа операциялық жүйесін 1.5 нұсқасынан бастап алфавиттік тәртіпте "Cupcake" тіскебасарының атауымен атайды. Бұдан кейін тез арада "Donut", "Eclair", "Froyo"және қазіргі "Marshmallow" нұсқасына дейін пайда болды.

Кремний алқабындағы экскурсияда Google ғимараттарына кіре алмасаңыз да, сіз Android мүсіндер бағын тамашалай аласыз, онда сіз көгалдағы барлық түрлі тіскебасар мүсіндерін фотосуретке (мүмкіндігінше Android телефонымен!) түсіре аласыз.


Atomic Taco from Seattle, WA, USA / CC BY-SA (https://creativecommons.org/licenses/by-sa/2.0)

9 аялдама - Компьютер тарихы мұражайы
1401 N Shoreline Blvd, Музей компьютерной истории

Егер сізді компьютер, желі және ғаламтор тарихы қызықтырса, Компьютер тарихы мұражайына бару жеткілікті. Бұл мұражайда мыңдаған (иә, мыңдаған!) жылдық жәдігерлер бар. Есеп 2000 жыл бұрын қалай пайда болғанын түсіну үшін осында келу қажет.

Кіру ақысы аз болғанымен, 15 доллар (6400 теңге) (студенттер үшін 12 доллар) кіру билеті өз құнына тұрарлық. Сіз ертеден бастап бүгінгі күнге дейінгі есептеудің тарихымен таныса аласыз.

10 аялдама - Intel мұражайы
2200 Mission College Blvd, Санта-Клара

Бүгінгі технологияның көпшілігі негізделген процессорларға келетін болсақ, Intel - бұл саладағы ең үлкен атаулардың бірі. Компанияның ұзақ уақыт бойы өмір сүргені сонша, оның Intel тарихын егжей-тегжейлі көрсететін қызықты және танымдық экспонаттарға толы жеке мұражайы бар. Бұл мұражайға жексенбі және мереке күндерінен басқа күн сайын кіруге болады, сондықтан кіруде көп қиындықтар болмауы керек.

Егер компьютер тарихы мұражайы сізге жеткіліксіз болса, бұл Кремний алқабындағы технологиялық алпауыттың тарихына тереңірек қарауға тамаша мүмкіндік.

11 аялдама - Apple келушілер орталығы
10600 N. Tantau Ave, Купертино

Apple Park-қа жете алмасаңыз да, ең жақын келушілер орталығына бара аласыз. Көрмеден басқа Apple кампусының әдемі көрінісін ұсынатын сыйлық дүкені, кафе және шатырлы террассалар бар. Қонақтар аптаның кез келген күні тегін қабылданады.

Apple жанкүйерлері Apple Park-ті көру мүмкіндігін пайдаланып, осы келушілер орталығындағы көрме/сыйлықтар дүкеніне барғысы келетіні сөзсіз.

12 аялдама - Tesla дүкені
4180 El Camino Real, Пало-Альто

Tesla штаб-пәтерінен бірнеше блокта орналасқан бұл дүкен компанияға тиесілі ең үлкен және ең әсерлі дүкендердің бірі болып табылады. Мұнда сізге Tesla Model X тест-драйвын ұйымдастыруға болады. Бұл орын Кремний алқабының ұйымдастырылған ақылы турларының көпшілігіне кіретінін ескеріңіз.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме сілтеме бойынша жүктеуге болады.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная