Самарқанд - аңызға толы, Әмір Темірдің бұрынғы астанасы болған, Орта Азияның ежелгі қалаларының бірі. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге осы қаланың қызықты жерлері туралы баяндайды.
Қазіргі Самарқанд қаласының орнында бұрын Афрасиаб қаласы болған. XIII ғасырда Шыңғысханның шапқыншылығы кезінде қирап, қазір археологиялық қорыққа айналған. Афрасиаб қаласында жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде ежелгі цитадель және бекіністер, билеуші сарайы, сонымен қатар, тұрғылықты және қолөнершілер көшелері табылған.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от HENDRICK HARTONO (@hendrickhartono) 1 Янв 2020 в 7:23 PST
Афрасиаб қаласы Самарқандтың кіреберісінде орналасқан. Самарқанд қаласының өзі Өзбекстанның солтүстік-шығыс аймағында, Зеравшан өзенінің маңында үлкен жазықта орналасқан.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Alex Post (@alex_post_travel) 22 Окт 2019 в 4:09 PDT
Көрікті жерлер рейтингі Lonely planet, 34travel.me және Business Traveller порталдарының негізінде жасалды.
Қаланың тарихи орындары
ХV ғасырдың басында Самарқандта Гур-Эмир мавзолейі салынған. Ол біркелкі декоративті қабырғадан тұрады, төрт бұрышында төрт мұнара орнатылған. Кешен, Тимуридтердің хандық қорымдары ханакиден, Әмір Темірдің немересі Мұхаммед Сұлтан медресесінен, билеушінің және оның ұрпақтарының зиратттарынан тұрады. Негізгі бөлмелердің бірінде Әмір Темірдің пырағы, орталығында - нефритті зираты орналасқан.
Билеушінің осы аймақтың тарихына қосқан үлесі мол, ол өз билігінің негізін қалаған. Оны Ақсақ Темір және Әмір Темір деп соғыста алған жарақатына байланысты атаған. Ол Алтын Орданы жаулап алып, османдарға қарсы соғыс ашқан. Сондай-ақ, Қытайға да жорық ұйымдастырған, бірақ мезгілсіз қаза болады, одан кейін елде аласапыран басталады.
1941 жылдың маусымында кеңестік археологтар нефрит тасын бұзып, зиратты ашады. Әртүрлі деректер бойынша зират бетінде мынадай жазба болған: "Кімде-кім менің осы және арғы өмірімде тыныштығымды бұзса, сол қайғыға ұшырап өмірден өтеді". Аңыз бойынша, ғалымдар Темірдің зиратын ашып, ондағы тылсым соғыс күшін сыртқа шығарған делінеді. Содан екі күннен соң Ұлы Отан Соғысы басталған.
© Shutterstock
Самарқандтың ең маңызды тарихи орындарының бірі - "Регистан" алаңы. Өзбек тілінен аударғанда "құмды өлке" дегенді білдіреді. Ежелгі заманда бұл жерді құм басып жатқан, кейін медресе, сауда қатарлары салынған. Қазір бұл жер қаланың орталық алаңы, мұнда әртүрлі іс-шаралар, мерекелер, фестивальдар өткізіледі. "Регистан" алаңында сәулет ансамблі орналасқан десе болады. Ортасында Тіллә-Қари медресесі, сол жағында - Ұлықбек медресесі, оң жағында - Шердор медресесі. Үш ғимарат та бүкіләлемдік ЮНЕСКО мұраларының тізіміне енгізілген.
Бибі Ханым мешіті 1399-1404 жылдары бой көтерген. Бибі Ханым "үлкен ханшайым" дегенді білдіреді, мешіт Әмір Темірдің әйелдерінің бірі Сарай Мүлк Ханымның құрметіне осылай аталған. Бір аңызда билеушінің оған үлкен ғимарат салуға шешім қабылдағаны айтылады. Кешен кіреберістен, бас ғимараттан және екі шағын мешіттен тұрады. Ауданы 5000 шаршы метрді құрайтын аулада бір уақытта 10 000 адамға дейін намаз оқи алады. Аула төрт жағынан мұнаралармен қоршалған.
80-жылдары мешіт қиратылды. 15 жыл ішінде ауқымды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, соның арқасында кешеннің 80 пайызы қалпына келтірілді. Мешіттің биіктігі 50 метр.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Charles Chandra Putera (@charleschanp) 1 Фев 2020 в 6:26 PST
Шахи-Зинда архитектуралық ескерткіші Орталық Азиядағы тәуеп етушілер үшін ең құрметті орындардың бірі болып саналады.
Кешеннің орталығы - XI ғасырдың ортасында Мұхаммед пайғамбардың немере ағасы, Орта Азиядағы ислам дінін алғашқы уағыздаушылардың бірі Құсама ибн Аббастың қабірінің үстіне салынған кесене. Құсама туралы аңызда оған дінді қабылдағысы келмейтіндер шабуыл жасап, басын кесіп алғандығы баяндалады. Бірақ басқа нұсқа бойынша, жараланған Құсама құдыққа жылжып түсіп кетеді, ол жер астындағы жұмақ бақшаларында әлі де өмір сүреді деген аңыз бар. Оның аты аңызға айналған жоғалып кеткен жері тәуеп етушілер орнына айналды және Шахи-Зинда деп аталады, бұл "тірі патша" деген мағынаны білдіреді.
Шахи-Зинда мемориалды кешені дәстүрлі исламдық сәулет өнерінің 40 монументінен, соның ішінде 11 зират пен үш мешіттен тұрады. Шахи-Зинда ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Cultural Legacy Of Uzbekistan (@uzbculture) 14 Апр 2020 в 4:59 PDT
Самарқандта бір кездері атақты математик, астроном Ұлықбек өмір сүрген. Ол Әмір Темірдің немересі болатын. 1428-1429 жылдары ол қала маңында обсерватория салды. Бұл үңгірге ұқсайтын дөңгелек, үш қабатты құрылым болды. Обсерваторияның диаметрі 6,4 метр, биіктігі кемінде 30 метрді құрады. Мұнда Ұлықбек 1018 жұлдызды нақты координаталармен сипаттайтын "Жұлдызды аспан каталогын" құрастырып шығарды.
Уақыт өте келе Ұлықбектің обсерваториясы қирап, 1915 жылы ғимаратты сақтап қалу үшін оның үстіне кірпіштен кіреберіс есігімен қабат тұрғызылды. Ал 1949 жылы обсерватория аумағында мәрмәрдан ескерткіш тұрғызылды. 2010 жылы обсерваторияға жақын жерде Ұлықбекке арнап ескерткіш орнатылды.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Arianna Cowper (@yannacowper) 5 Апр 2019 в 8:43 PDT
Самарқандта мұсылмандар да, христиандар да, тіпті иудейлер де келетін өте танымал тағы бір қажылық орын бар. Ол Қожа Даниярдың қабірі, мұсылмандар осылай атайды, Інжіл пайғамбары Даниилға арналған. Ол Афрасиабтың биік төбесінде, Самарқандтың шетінде, Сиаб өзенінің жағасында орналасқан.
Аңыздардың біріне сәйкес, Даниил көріпкелдік қасиетке ие болды және Вавилон патшасы Навуходоносорға тастан жасалған саз балшықты аяқтары бар мүсіндер жайлы түсін жорып береді. Сол үшін Даниилды екі рет арыстандар түсірілген құдыққа тастайды, бірақ жыртқыштар пайғамбарға тиіспеген.
Қабірдің пайда болуы туралы бірнеше аңыздар бар, бір нұсқа бойынша иудей пайғамбары Даниилдің сүйектерін Самарқандқа христиандар әкелген-мыс, басқа болжамдар бойынша - олар Әмір Темірдің бұйрығымен әкелінген делінеді.
Қабірдің ұзындығы 18 метрді құрайды. Ғимараттың әр тасы үлкейе береді деген сеніммен өте үлкен етіп тұрғызған. Кейбіреулер кесене пайғамбардың сүйектерінің орнын ешкім анықтай алмайтындай үлкен етіп салынған деп сенеді. Кесененің ішінде матамен жабылған он метрлік мәрмәр қабірі бар.
Өзбекстандағы және Орталық Азиядағы ең үлкен және ескі базарлардың бірі - Сиаб базары. Оның ауданы жеті гектардан асады. Базардың атауы қаланың аудандарының бірі Сиаб пен жақын маңдағы Сиаб өзенінің атауынан шыққан. Бұл сөздің өзі парсы және тәжік тілдерінен "қара су" (өзен) деп аударылады.
Базардан өзбек нандарын, күлшелерін, кептірілген жемістер мен жаңғақтарды, сондай-ақ әдемі өрнектерімен табақтар мен ұлттық бас киімдерді сатып алуға болады. Сондай-ақ, мұнда әдемі фотосессия ұйымдастыруға болады.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Rozita Che Wan (@rozitachewan1) 13 Фев 2020 в 7:28 PST
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от МОЙ МИР ПУТЕШЕСТВИЙ (@v.zhiltsova) 9 Янв 2020 в 9:24 PST
"Күндізгі қарауыл"
Самарқандтың оңтүстігіне қарай 30 шақырымдық жерде Шайтан Жыға үстірті орналасқан. Өзбек тілінен аударғанда "шайтан дулығасы" дегенді білдіреді. Үстірт жартастары табиғи түзілістерге ұқсамайды, керісінше, ғажайып мүсіндерді, ежелгі құдайлардың тасқа айналған бейнелері мен тарихқа дейінгі небір құбыжықтарды еске түсіреді.
Жергілікті халық үстірттің бұл атауы қайдан алынғандығынан бейхабар. "Күндізгі қарауыл" ("Дневной дозор") фильмі жарық көргеннен кейін бұл жер танымал туристік орынға айналғаны анық. Туындыда Қараңғылық пен Жарықтың айқасы осы Шайтан Жыға үстіртінде болған. Көркем фильмдегі Рустам атты сиқыршы дуалау арқылы қараңғылықты тасқа айналдырған, бірақ олардың рухтары байыз таппаған.
Басқа бір аңыздар бойынша, бұл жерде батырлар шайқасқан. Қанды қырғын кезінде аспан жерге құлап, қатты жер сілкініп, соның әсерінен таулар осындай таңқаларлық пішіндерге ие болған екен.
Қала қонақтары
1978 жылы Өзбекстанға әйгілі боксшы Мұхаммед Әли жұбайы Вероникамен бірге келді. Олар Ташкент пен Самарқандта болды. БАҚ-тың хабарлауынша, сол кезде боксшыға өзбек палауы мен Ташкент қызыл шиесі қатты ұнаған екен. Өзбекстанға сапарынан кейін Мұхаммед тіпті аздап салмақ қосқан. Самарқандта боксшы әйелімен бірге IX ғасырдағы ислам ғұламасы Имам әл-Бухари кесенесін және Ұлықбек обсерваториясын аралаған.
"Бәрінен бұрын маған КСРО-да көптеген нәсілдер мен ұлттардың өкілдері бірге өмір сүретіндігі қатты әсер етті. Әр адам өзіне жақын дінді ұстанып, өмір сүре алады. Мен бұл туралы Ташкент пен Самарқандтағы мешіттерге барғанда адамдардан сұрадым. Менің қандай да бір ыңғайсыздық тудырмай ма, шектеу қойылмай ма деген сұрақтарым адамдар арасында түсінбеушілік тудырғандай болды. Мен Мәскеуде ұшақтан түскенімде қаруланған сарбаздарды көремін деп күткен едім... Біздің Кеңес Одағы туралы түсінігіміз осылай еді. Он күн ішінде мен бірде-бір қару-жарақ көрмедім", - деп бөліседі өз әсерімен әйгілі боксшы Мұхаммед Әли.
Muhammad Ali in Samarkand, Uzbekistan. USSR, June 1978. pic.twitter.com/7xZmlKnRpM
— Soviet Visuals (@sovietvisuals) November 22, 2017
Самарқандты елдегі ең көркем, суретке түсіргенде өте әдемі әсер қалдыратын қалалардың бірі деп санауға болады. Саяхатшы-блогерлердің кесенелердің көгілдір мозаикасы аясында өте әдемі кадрлар түсіретіндері анық.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Caro • Travelnut & Food Fiend (@veggiewayfarer) 7 Дек 2019 в 8:31 PST
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Oneika Raymond???? (@oneikatraveller) 6 Фев 2020 в 6:23 PST
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Zory | Travel & Lifestyle | SF (@zorymory) 30 Мар 2020 в 8:29 PDT
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Esther G. Sagrado➡️Travel Girl (@nextination) 28 Апр 2020 в 7:53 PDT
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от ?????? ????????? Travel ? (@mister.everywhere_) 22 Фев 2020 в 12:45 PST
Самарқанд құрылуына байланысты Рим мен Афинамен қатарлас қала саналады. Самарқандтың 2750 жылдан аса уақыт бұрын пайда болғандығы айтылады, сондықтан оны Орталық Азиядағы ғана емес, әлемдегі ең ежелгі қалалардың бірі деп аталады.
2040 жылға қарай Өзбекстан үкіметі Самарқанд аумағын үш есеге арттыруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, Самарқанд халқының саны 1,1 миллион адамға жетеді деп болжануда.
Нені білу керек
Самарқандқа ұшақпен жетуге болады, билеттер құны сапар уақыты мен таңдалған әуе компаниясына байланысты өзгеріп тұрады. Сондай-ақ, Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Самарқандқа пойыз қатынайды.
Саяхатқа ең қолайлы уақыт: көктемнің аяғы және күздің бірінші жартысы. Самарқандта жаз өте ыстық, температура + 40 градусқа дейін жетеді.
Мұнда доллармен келген тиімдірек, оларды айырбастау оңайырақ болады.
Коронавирус пандемиясы жақын арада аяқталып, шекаралар қайтадан ашылады деп үміттенеміз.
Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.
Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.