Оқыс оқиға Делиден Гоаға бет алған IndiGo ұшағының бортында болған. Лайнер қалың тұманға байланысты Дели әуежайында ұзақ уақыт кешеуілдеген екен. Тиісті хабарлама жасамақ болған ұшқышқа жолаушы тап берген, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі AviationSource News басылымына сілтеме жасап.
Желіде таралған видеода ұшақтағы ер адамның жағдайды түсіндірмек болған экипаж мүшесін соққыға жыққан көруге болады. Кейін ашуға булыққан жолаушы ұшақтан шығарылады.
Публикация от Evgenia Belskaia (@evgeniabelskaia)
Үндістанның солтүстігін бірнеше күн болды қалың тұман басқан. Салдарынан "Дели-Гоа" бағытындағы 6E2175 рейсі ұзақ уақыт кешігіп кеткен. Кешігу себебі баршаға мәлім болғанымен жолаушылардың наразылығы агрессияға ұласқан.
IndiGo әуекомпаниясы осы жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасап, оқыс оқиғаның болғанын растады. Айтуынша, жолаушы жергілікті құзырлы органдарға тапсырылды. Әуекомпания заң бұзған азаматқа қатысты шағым түсірді.
Публикация от Bytt News & Media (@byttofficial)
Шабуыл жасаған ер адам "қара тізімге енген жолаушылар" қатарына қосылуы мүмкін.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!