Рейстен қуылған жолаушыларға әуекомпания 2 миллион доллар төлейді

Антисемиттік дауды тоқтату үшін Lufthansa әуекомпаниясы 2 миллион доллар төлеуге мәжбүр. Қаражат мамырда Франкфурт - Будапешт рейсінен түсірілген еврей-жолаушыларға берілмек. Шамамен олардың саны 100-ден асады, әрқайсысы 20 мың доллар өтемақы алады.

Jerusalem Post мәліметінше, оқиға 4 мамырда болған. Нью-Йорктен шыққан хасид-қажылар Будапештке бара жатқан. Оларды бетперде тақпағаны үшін рейске жібермей қойған. Алайда әлеуметтік желіде мұның болмайтын сылтау екені айтылды.

Lufthansa басшысының еврей-жолаушыларды "адам құрлы көрмеген" деп таралған видео жарияланды. "Бұлар Кеннеди еврейлері. Тәртіпсіздік пен мәселелер туындатқан еврейлер", - деді компания басшысы.

Басшысының осы сөздері үшін Lufthansa өтемақы төлейтін болды. Бірнеше БАҚ-та осы тақырып көтерілгеннен кейін компания ел алдына шығып кешірім сұрады. Алайда адамдардың ұлтына, дініне және сеніміне нұқсаң келтіруден компания аулақ жүретіні айтылған.

Нәтижесінде әуекомпания әр жолаушыға мамыр айындағы оқиға кезінде жұмсалған шығындарды өтеу үшін 20 000 доллар және 1000 доллар төлейді. Сот шығындары мен басқа да шығындардан кейін әр жолаушы шамамен 17 400 доллар алады.