Рейске мас болып келген ұшқыш түрмеден бір-ақ шықты

Фото: pixabay.com

Delta Airlines әуекемесінің ұшқышы рейс алдында ішіп алғаны үшін түрмеге тоғытылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Delta Airlines әуекемесінің ұшқышы рейс алдында ішіп алғаны үшін түрмеге тоғытылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Ұшақтың 63 жастағы капитаны Лоуренс Рассел 2023 жылдың маусымында ішімдік ішіп ұсталды. Ол Эдинбургтен Нью-Йоркке ұшуы керек еді. Алайда ұшқыштың қолынан екі бөтелке алкогольді ішімдік табылған көрінеді. Олардың біреуі жартылай бос болған.

Содан кейін Расселдің қанындағы алкоголь мөлшері тексерілді. Тест оң нәтиже көрсеткен соң, ол ұшудан шеттетіліп, сотқа жіберілді.

Реклама
Реклама

Судья капитан жолаушыларға қауіп төндірді деп ұйғарып, оны 10 айға бас бостандығынан айырды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная