Рейс кезінде ұшақтың турбинасы жарылып, видеоға түсіп қалды

IndiGo әуекомпаниясының рейсіндегі ұшақтың турбинасы өртенді. Оқиғаны лайнердің жолаушылары видеоға түсірді, видеоны Daily Mail жариялады.

28 қазанда Үндістанның IndiGo әуекомпаниясының ұшағы Делиден Бангалорға ұшатын болды. Лайнер ұшу-қону жолағымен жүре бастағанда оның оң жақ турбинасы, жолаушылардың айтуынша, қатты жарылып, өртеніп кетті.

Роликте отқа оранған турбинадан ұшқындар ұшып бара жатқан сәтті көруге болады. Дегенмен лайнер ұшу үшін жылдамдықты арттырады. Кейін ұшақ баяулайды және тоқтайды, әуе кемесінің капитаны жолаушыларға эвакуация туралы хабарлайды. Куәгерлердің айтуынша, борттағы барлық адам қорқып, көбісі жай ғана қашып кеткісі келді.

Жолаушылар мен экипаж мүшелері қауіпсіз эвакуацияланғаны атап өтілді. Әуе компания балама рейс ұйымдастырды.


Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!