Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Ресейлік ұшқыш сүйіктісіне тосынсый үшін ұрлаған ұшақпен апатқа ұшырады


Ресейлік ұшқыш сүйіктісін серуендету үшін досының ұшағын ұрлап, апатқа ұшырады. Бұл туралы LIFE SHOT Telegram-каналы жазады, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы.

Татарстандық ұшқыш, 56 жастағы Валерий Полонский сүйіктісі, 41 жастағы Альфияға романтикалық тосынсый жасағысы келеді. Ол туған күні қарсаңында жеңіл моторлы ұшақпен серуендетіп, оны қуантуды жоспарлаған.

Ұшақ әуежайдан небары 900 метр қашықтықта ұшып, содан кейін құлаған. Ұшқыш пен сүйіктісі жарақат салдарынан сол жерде қайтыс болған.

Қайтыс болған әйелдің денесін күйеуі анықтады. Ер адам қылмыстық қызметтерге Альфиямен ажырасу процесінде болғанын және оның жеке өміріне қатысты жағдайлардан бейхабар екенін айтты.





Осыған ұқсас мақалалар

Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Мысырға аяз келді
Мысырға аяз келді
Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды